12.07.2018, 19:55 4184

Темір жолдар желісінде қыс маусымында жұмыс істеуге дайындық бойынша шаралар жоспары жүзеге асырыла бастады

Шаралар шеӊберінде қар тазалауыш және қар жинағыш 55 бірлік техниканы деполық жөндеуден өткізу, 4,9 мыӊнан астам ғимаратты, сондай-ақ, 117 шақырым жолды қардыӊ басып қалуынан қорғайтын құралдарды дайындау жоспарланып отыр.

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - "ҚТЖ"ҰК"АҚ құрылымдық бөлімшелері мен темір жолдар желісінде қыс маусымында жұмыс істеуге дайындық бойынша шаралар жоспарын жүзеге асыра бастады.

Шаралар шеӊберінде қар тазалауыш және қар жинағыш 55 бірлік техниканы деполық жөндеуден өткізу, 4,9 мыӊнан астам ғимаратты, сондай-ақ, 117 шақырым жолды қардыӊ басып қалуынан қорғайтын құралдарды дайындау жоспарланып отыр.

"Басты назар жол және имараттарға бөлініп отыр. Қазіргі кезде магистральдар күтіміне және жаӊғыртылуына қатысты жазғы жол жұмыстары жүзеге асырылуда", - дей келе "ҚТЖ" ҰК"АҚ Магистральдық желі дирекциясыныӊ директоры Төлеубай Кенжебеков, бүгінде 469 шақырым темір жолға күрделі жөндеу жүргізілгенін және де бұл көрсеткіш жылдық жоспардыӊ 54%-ін құрап отырғанын атап өтті.

Күшейтілген орта жөндеудіӊ жылдық жоспары 41 шақырым болса, бүгінде оныӊ 40 километрі орындалған. Орташа жөндеу 30 шақырым жолға орындалған. Жол машиналарымен 3,8 мыӊ шақырым жол қайта құрылымдаудан өткен. Жөндеу жұмыстарынан кейін 154,6 шақырым жолда жолаушылар пойыздары үшін, 116 шақырым жолда "Тұлпар-Тальго" вагондарынан жасақталған жүрдек пойыздар үшін, 53,7 шақырым жолда жүк қозғалысы үшін, ал 90 шақырым жолда контейнерлік пойыздар үшін жылдамдық артқан.

"Қыс маусымында темір жолдыӊ тиімді жұмыс істеуі және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігініӊ қамтамасыз етілуі ерекше көӊіл бөлуді қажет етеді. Қатал мезгілде жұмыс істеуге дайындық барысында Компанияныӊ барлық шаруашылығы мен құрылымдық бөлімшелерініӊ басты міндеті бір - ол жұмысты сапалы өткізіп, берілген нақты уақыт мерзімінде аяқтау", - деп атап өтті Т.Кенжебеков.

"Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны