14.12.2009, 14:38 2744

Теміртау қаласында героин сатпақ болған екі қала тұрғыны ұсталды

Теміртау қаласында героин сатпақ болған екі қала тұрғыны ұсталды

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Теміртау қаласында салмағы 1 кг 35 грамм героин сатпақ болған бір әйел мен бір еркек, екі қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қарағанды облысының Теміртау қаласында өз пәтерінде есірткі сату кезінде осы қаланың 25 жастағы тұрғыны және онымен бірге тұратын 32 жастағы азаматша ұсталды. Тінту кезінде оның пәтерінен 1 кг 35 грамм героин табылып, тәркіленді",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, бір аптада 189 есірткі қылмысы, оның ішінде 39 сату фактісі анықталды. 20 кг астам есірткі, оның ішінде 1,5 кг героин алынды.

"Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы "Есірткі-Шеп" бекетінде полиция қызметкерлері "Аudi-А6" автокөлік жүргізушісінен 113 грамм, ал жолаушысынан 128 грамм героин тәркіледі",- деді ол.

ІІМ мәліметінше, 11 желтоқсанда есірткіні Астанаға жіберудің кезекті арнасы жабылды. Астана-Қарағанды тас жолындағы "Қызылжар" шеп-бекетінде "Тойота" автокөлігі ұсталып, оның жолаушысы, яғни Астана қаласының 36 жастағы тұрғынынан 140 грамға жуық героин тәркіленді.

"Алматы қаласында жарты килограмм гашишпен Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды, ол есірткіні өз елінде Қазақстанда сату үшін сатып алғаны анықталды",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны