16.04.2012, 11:22 3452

Теміртауда 10 000 теңгелік жалған ақшамен Үндістанның азаматы ұсталды

Полицияның берген ақпаратына сәйкес, Алматыда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шетелдік азамат, сауда үйінде су белгісі жоқ 10 мың теңгелік банкнотамен есеп айырысуға әрекеттенген.

Қарағанды. 16-сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Теміртау қаласында 10 000 теңге жалған ақшамен Үндістанның 35 жастағы азаматы ұсталды., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицияның берген ақпаратына сәйкес, Алматыда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шетелдік азамат, сауда үйінде су белгісі жоқ 10 мың теңгелік банкнотамен есеп айырысуға әрекеттенген.

"Ақша алынып, сараптамаға жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде, оның барысында шетелдік азаматтың жасанды ақшаны қайдан алғаны анықталады", - деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны