26.01.2009, 13:47 1774

Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" АҚ аумағынан кокс ұрлау әрекетіне тосқауыл қойылды

Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" АҚ аумағынан кокс ұрлау әрекетіне тосқауыл қойылды

Қарағанды. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" АҚ металлургиялық зауытының аумағынан кокс ұрлау әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

ІІД мәліметінше, бүгін түнгі сағат үш шамасында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық зауытына кіретін жерде жедел іздестіру шараларының барысында КамАЗ маркалы екі көлік ұсталды. Ир көлікке 9 тоннадан кокс тиелген екен. "Арселор Миттал Теміртау" АҚ өндіретін өнімді алып шығуға рұқсат пен ілеспе құжаттары жүргізушілерде болмай шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны