31.01.2008, 13:55 2973

Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" зауытынан 35 тонна ақ қалайыны ұрлауға жасалған оқиғаның алды алынды

Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" зауытынан 35 тонна ақ қалайыны ұрлауға жасалған оқиғаның алды алынды

Теміртау. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" зауытынан 35 тонна ақ қалайыны ұрлауға жасалған оқиғаның алды алынды. Бұл туралы бүгін Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Арселор Миттал Теміртау" зауытынан метлл ұрлануы жөніндегі іс бойынша жұмыс істеген ҚР ІІМ тергеу комитетінің қызметкерлері Бас прокуратураның қызметкерлерімен бірлесіп "Арселор Миттал Теміртау" зауытының өндірістік аймағындағы "ТЕХОЛ" зауыты маңында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында "КамАЗ" көлігін ұстады. "КамАЗ" "ВАЗ 2101" маркалы көлігімен бірге келе жатқан.

""КамАЗ" жүк көлігінде 35 тонна ақ қалайы болған. Қалайыны зауыт аумағынан алып шығуға берілген рұқсат пен ілеспе құжаттары болмаған", - деп хабарладйы ІІД.

Қазіргі жағдаймен көлікте болған бес адам ұсталды. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны