28.05.2012, 14:47 2988

Теміртауда бала өлімі фактісі бойынша тергеу алдындағы тексеріс жүргізілуде

"Қазіргі кезде тергеу алдындағы тексеріс жүргізілуде, соның қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Баланың өліміне кінәлі адамдар жауаптан құтыла алмайды", - деді Н.Мұхаметқалиев.

Қарағанды. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Теміртау қаласында кәріз құдығына құлаған 2 жасар баланың өлімі бойынша тергеу алдындағы тексеріс жүруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Теміртау қаласының прокуроры Нүркен Мұхаметқалиев хабарлады.

"Қазіргі кезде тергеу алдындағы тексеріс жүргізілуде, соның қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Баланың өліміне кінәлі адамдар жауаптан құтыла алмайды", - деді Н.Мұхаметқалиев.

Қала әкімдігінен хабарлағандай, Теміртауда 10 күндік мерзімде коммуналдық қызметтердің барлық кәріз құдықтарының инвентаризациясы өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай 24 мамыр күні Теміртау қаласының Металлургтер даңғылында орын алды. 2 жасар бала кәріз құдығына құлаған. Кәріз жүйесіне қызмет көрсететін "Окжетпес" ЖШС-нің арнайы техникасының көмегімен 400 м диаметрдегі 1500 метрлік коллектор тексерілді. Алайда бұл ешқандай нәтиже бермеген еді. Іздеу шаралары бейсенбі күнінің кешінен басталды. Өскеменге келген сүңгуірлердің көмегімен баланың мәйіті сенбі күні таңертең табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны