31.03.2010, 12:20 3534

Теміртауда есірткі сатқаны үшін сотталған қала тұрғынынан бір килограмм героин тәркіленді

Теміртауда есірткі сатқаны үшін сотталған қала тұрғынынан бір килограмм героин тәркіленді

Қарағанды. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Теміртауда есірткі сатқаны үшін сотталған қала тұрғынынан бір килограмм героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облыстық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына есірткі саудасы үшін 2009 жылы шартты сотталған Теміртау қаласының 32 жастағы тұрғыны героин сатады деген хабар келді. Тексеру барысында ер адамның өз үйінде ірі көлемде есірткі сақтағаны анықталды.

Теміртау қаласының прокурорының санкциясымен күдікті 7 жылдан бері тұрып жатқан Республика даңғылындағы пәтерде тінту жүргізіліп, оның барысында асханадан, газ плитасының артынан жалпы салмағы 1 килограмм 18 грамм героин салынған дорба табылды.

Күдікті Теміртау қалалық ІІб уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қазір есірткінің елге келу жолын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны