14.09.2009, 17:09 3222

Теміртауда кәсіпкер әйелді өлтіру қылмысы әшкереленді - ҚР ІІМ

Теміртауда кәсіпкер әйелді өлтіру қылмысы әшкереленді - ҚР ІІМ

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Теміртауда кәсіпкер әйелді өлтіру қылмысы әшкереленді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР ІІМ мәліметінше, 15 шілдеде сағат 23-30-да Теміртау қаласының Старогородской полиция бөлімшесіне, таңертең сағат 6-да Қарағанды қаласындағы "Шығыс" базарына бару мақсатымен шығып, қайта оралмаған 28 жастағы Айжан есімді әйелі жоғалып кеткенін айтып, қала тұрғыны келді. Онымен бірге ұялы телефоны, алтын бұйымдары және ақша болған.

Арнайы жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде "Талис" дүкеніне жоғалған азаматшаның ұялы телефонын өткізген 26 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны анықталды. Іс-шара барысында ұсталған азаматпен бірге жоғалған азаматшаның сырғасы мен жүзігін ломбардқа өткізген 16 жастағы қыз анықталды.

Дәлелдемелер негізінде ұсталған азамат жәбірленушіні өлтіргені туралы мойындады. Сонымен қатар, оның көрсетулері негізінде қылмысқа қатысқан 2 азамат ұсталды.

Тексеріс барысында ұсталғандардың бірі жәбірленушіні жерлеген орынды көрсетті. Кісі өлтіру, қарақшылық шабуыл, адамды ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Сараптама қорытындысы бойынша зорлау қылмысы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны