19.06.2008, 17:01 2807

Теміртауда "Нұрбанк" кеңсесіне қарулы қарақшылық шабуыл жасалды

Теміртауда "Нұрбанк" кеңсесіне қарулы қарақшылық шабуыл жасалды

Теміртау. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда кеше "Нұрбанк" кеңсесіне қарулы қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше 16 сағат 05 минутта бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан "Нұрбанктің" Орталық банк жүйесі басқармасының ғимаратында екі белгісіз ер адам "Күзет-А" ЖШС мекемесінің 31 жастағы күзетшісіне шолақ мылтық кезеніп қорқыту арқылы операциялық залдан 1000 доллар, 8500 ресей рублі мен бес оғы бар Италияда өндірілген "Наполеон" жарақаттағыш қаруын иемденіп алған.

Банк операторы полицины көмекке шақырған, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Материалдық шығын көлемін банк әкімшілігі анықтауда. Бұл дерек бойынша ревизия жүргізіліп жатыр.

Ғимаратқа қарақшылық шабуыл жасалу сәтінде сонда болған банк күзетшісі мен қызметкерлерінің суреттеуінше, қылмыскерлер 25 -30 жас аралығында, азиялықтар. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы бойынша "Басқаның мүлкіне қарақшылық шабуыл жасау" жөнінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны