15.06.2010, 12:29 3728

Теміртауда самбодан әлем чемпионын өлтірді деген күдікті ұсталды

Алдын ала жасалған болжамдар бойынша, кеше таңертең екі жігіттің арасындағы кикілжің көлік салонында отырған кезде туындаған, осыдан кейін күдікті пышақпен бірнеше мәрте жарақаттаған.

Қарағанды. 15-маусым. Kazakhstan Today - Теміртауда танымал спортшы, жастар арасындағы спорттық самбодан әлем чемпионы Қызмет Балтабекті өлтірді деген күдікпен оның курстасы, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасына сілтеме жасай отырып.

Алдын ала жасалған болжамдар бойынша, кеше таңертең екі жігіттің арасындағы кикілжің көлік салонында отырған кезде туындаған, осыдан кейін күдікті пышақпен бірнеше мәрте жарақаттаған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше таңертең Теміртау қаласында жастар арасындағы спорттық самбодан әлем чемпионы Қызмет Балтабектің денесі табылған болатын.

Полицейлердің хабарлауынша, Қызмет Балтабектың денесін таңертеңгі сағат 11 шамасында Теміртаудағы Қарағанды мемлекеттік индустриальдық университет маңынан тауып алған.

"Куәгерлерден жауап алынғаннан кейін қалада "Тойота" көлігін ұсталған болатын. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды",- деп атап өтті полицейлер.

Қызмет Балтабек 28 тамызда небәрі 20 толатын еді. Өткен жылдың қазан айында ол жастар арасындағы спорттық самбодан әлем чемпионы атанған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны