19.03.2020, 19:07 5351

Теміржол билеттерін қайтару жөніндегі ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған төтенше жағдай ескеріле отырып, жолаушылар билеттері үшін ақша қаражатын толық көлемде қайтаруды жүзеге асыру шешімі қабылданды.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Теміржол билеттерін қайтару жөніндегі ақпарат.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған төтенше жағдай ескеріле отырып, жолаушылар билеттері үшін ақша қаражатын толық көлемде қайтаруды жүзеге асыру шешімі қабылданды.

1. "Жолаушылар тасымалы" АҚ ақшалай қаражаттарды өз кассаларында ғана емес, сонымен қатар жеке кассаларда, Сіз үшін кез келген ыңғайлы күні, бүгінгі күннен бастап 6 ай бойы, пойыздың жөнелтілу датасына қарамай, қандай да бір айыппұл санкциясын қолданбай толық қайтаруды жүзеге асырады.

2. Жөнелтілген пойыздар бойынша ақшалай қаржыны қайтару жолаушының жол жүрген фактісі тексерілгеннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

3. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ 24 сағаттық жұмыс режиміне ауыстырылды.

4. Осыған байланысты, жолаушылардан дүрбелең туғызбауды, бір біріңізден 2 метр қашықтықта тұруларыңызды, карантин режимін сақтауларыңызды, қалыптасқан жағдайға шыдамдылық таңытуды және түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Теміржол билеттерін қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес жеке билет кассалары арқылы қайтару жүргізу мүмкін:


Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны