09.06.2016, 21:09 5423

Терактіден қаза тапқандарға алғаш рет жарияланған аза тұту күнінде күллі ел күӊіренді

Ақтөбедегі теракт күллі Қазақстанныӊ қайғысы! Бүгін елімізде аза тұту күні жарияланып, жұрт лаӊкестер қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилерді жоқтап жатыр. Осыған орай шетелдегі елшіліктермен қатар барлық мемлекеттік мекемелердегі ту төмен түсіріліп, телеарнадағы ойын-сауық бағдарламалары, жарнама, концерт пен спорттық жарыстарға уақытша шектеу қойылды

Ақтөбе. 9 маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбедегі теракт күллі Қазақстанныӊ қайғысы! Бүгін елімізде аза тұту күні жарияланып, жұрт лаӊкестер қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилерді жоқтап жатыр. Осыған орай шетелдегі елшіліктермен қатар барлық мемлекеттік мекемелердегі ту төмен түсіріліп, телеарнадағы ойын-сауық бағдарламалары, жарнама, концерт пен спорттық жарыстарға уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Түнгі он екіден Ақорда,Үкімет, Парламент сияқты барлық әкімшілік ғимараттардағы көк байрақ төмен түсірілді. Осылайша күллі ел, жантүршігерлік терактіден есеӊгіреп қалған ақтөбеліктердіӊ қайғысына ортақтасуда. Жалпы, тәуелсіздік алғалы Қазақстан осымен 7-ші рет қара жамылып отыр. Халық бұған дейін Қарағанды облысындағы шахта жарылысы, Алматы мен Шымкенттегі ұшақ апаты, Қызылағаш пен Арқанкергендегі оқиғадан мерт болғандарды аза тұтқан. Бірақ, тарихта терактіден оққа ұшқандарға қаралы күн алғаш рет жарияланып отыр. Ал президент Ақтөбедегі қанды қырғынды лаӊкестер шетелдегі идеологтарыныӊ нұсқауымен жасағанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ,Назарбаев қолына қару алып, кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілуі қажет деді, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны