24.04.2008, 17:45 3295

Тергеушілердің әлеуметтік жағынан қорғалуына 2009 жылы мемлекеттік бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлу қажет-Ішкі істер министрлігі

Тергеушілердің әлеуметтік жағынан қорғалуына 2009 жылы мемлекеттік бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлу қажет-Ішкі істер министрлігі

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ішкі істер министрлігінің есеп-қисабы бойынша, алдын ала тергеу органдары жөніндегі заң жобасы аясында тергеушілердің әлеуметтік жағынан қорғалуына 2009 жылы мемлекеттік бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлу қажет. Бұл туралы бүгін құқық қорғау қызметі мен алдын ала тергеу органдарын жетілдіру мәселесіне арналған "дөңгелек үстел" кезінде ҚР ІІМ тергеу комитеті төрағасының орынбасары Марат Болысбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Алдын ала есептер бойынша, ішкі істер органдарына, ұлттық қауіпсіздік комитетіне және қаржы полициясына 2009 жылы республикалық бюджеттен 1 млрд 231 млн 805 мың теңге бөлу қажет", -деді М. Болысбеков. Бүгінгі күні жасалған есеп-қисаптар экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде қарастырылып жатыр".

Алдын ала тергеу органдары жөніндегі заң жобасы "бүгінде дайындалуда". "Оның басты мақсаты- халықаралық стандарттарға сай, тиімді тергеу аппаратын құру. Құжатта тергеушілердің мәртебесін көтеруге бағытталған бірқатар нормалар қарастырылған", - деп хабарлады ІІМ өкілі.

"Мысалы тергеу қызметкерлерін қорғау мақсатында және тергеушілерге қатысты қылмыстық істің тергеуі облыс прокурорлары мен оған теңестірілген прокурорлардың рұқсатымен жасалады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнайы органдарының орталық аппараты тергеушілеріне қатысты тергеулер бас прокурор немесе оның орынбасарының рұқсатымен жүргізіледі. Сонымен бірге тергеушінің көмекші қызметін енгізу ұсынылуда. Бұл тергеушінің негізгі қылмыстарды тергеу жұмыстарын толық көлемде жүргізуіне кедергі келтіретін және көп уақытын алатын қосымша ауқымды техникалық жұмыстардан босатып, тергеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді", - деп баяндады М. Болысбеков.

Оның сөздері бойынша " тергеу қызметкерлерінің білікті кадрлер құрамын құру мақсатында алдын ала тергеу органдары жетекшілерінің жас шегі қойылады.

" Ішкі істер органдары жүйесінде соңғы жылдары қылмыстық істердің қордалануынан және жүктелетін психологиялық ауырпалықтарға орай кәсіби кадрлердің кетуі жиілеп кетті. Алдын ала тергеуді жасайтын мемлекеттік тергеушілердің еңбек ақысын теңестіру қажет", -деп хабарлады М. Болысбеков.

"Осыған орай тергеушілер мен олардың от басының әлеуметтік және құқықтық қорғалуы қарастырылған кешенді нормалар дайындалды. Мысалы, денсаулығын жақсарту үшін бөлінетін төлемақы көлемін жылдық 3 жалақы мөлшерінде көбейту ұсынылған болса, қызметтегі ерекше жағдайларға орай еңбек ақы мөлшерің 10 % -дан 30% құрайтын төлемақыны беру ұсынылды. Сондай-ақ, санитарлық-курорттық емделуге ақшалай өтемақы, медициналық қызметке, дәрі- дәрмектерге, қызмет бабымен жол сапарға шығу кезінде өтемақы беру ұсынылды ", - деді ол.

"Ұсынылып отырған шаралар алдын ала тергеуді жасайтын қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы жөнінде кепілдігінің жоқтығы мен төмен еңбек ақымен байланысты аса өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ҚР ІІМ тергеу комитеті төрағасының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны