15.04.2008, 15:14 2926

Терроризм мен есірткі бизнесін біз бір топқа жатқызамыз - Тәжікстанның есірткіні қадағалау агенттігінің төрағасы

Терроризм мен есірткі бизнесін біз бір топқа жатқызамыз - Тәжікстанның есірткіні қадағалау агенттігінің төрағасы

Душанбе. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Терроризм мен есірткі бизнесін біз бір топқа жатқызамыз, деп мәлімдеді Тәжікстанның есірткіні қадағалау агенттігінің төрағасы, милиция генерал-лейтенанты Рустам Назаров Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесу барысында, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Назаров Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысына өңірдегі есірткіге қатысты ахуалды таныстырып, кейінгі кездері кейбір топтарда заңсыз есірткі айналымының лаңкестікке қатысы жоқ деген пікір қалыптасқанын атап өтті.

"Біздің пайымдауымызша, есірткі халықаралық лаңкестікті қоректендіретін негізгі қайнар көздердің бірі", - деді есірткіні қадағалау агенттігінің директоры.

Н. Бордюжа Тәжікстанның есірткіні қадағалау агенттігінің басшысының пікірімен қосылып, бұл мәселеде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұстанымы ортақ екенін атап көрсетті.

Кездесу барысында өңірдегі есірткілік ахуал мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің арнаулы қызметтерінің заңсыз есірткі айналымымен, лаңкестікпен және экстремизммен күрес саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны