26.05.2015, 13:51 2286

ТЕӉІЗ ШЕКАРАШЫЛАРЫНЫӉ АРНАЙЫ ІС-ШАРАСЫ

Каспий теӊізі Еуропа мен Азияныӊ шекарасында орналасқан, шер шарындағы еӊ үлкен көлдіӊ бірі. Оныӊ жағалауы 5 мемлекеттіӊ шекарасымен шектеседі. Теӊіз жағалауыныӊ 29% Қазақстанға тиесілі.

Астана. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ батысындағы мемлекеттік шекараныӊ бір бөлігі Каспий теӊізі арқылы өтетіндігі белгілі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Каспий теӊізі Еуропа мен Азияныӊ шекарасында орналасқан, шер шарындағы еӊ үлкен көлдіӊ бірі. Оныӊ жағалауы 5 мемлекеттіӊ шекарасымен шектеседі. Теӊіз жағалауыныӊ 29% Қазақстанға тиесілі.

Каспийде 700-ден астам теӊіз жануарлары мекендейді, балықтыӊ 55 түрі кездеседі. Олардыӊ ішіндегі еӊ бағалысы бекіре және бекіре тұқымдас балықтар болып келеді.

Еліміздіӊ Каспий теӊізіндегі шекарасын күзету Шекара қызметініӊ "Теӊіз жағалауы" өӊірлік басқармасына жүктелген.

Балықтардыӊ уылдырық шашатын мезгілінде жыл сайын арнайы біріккен іс-шара өткізу бүгінгі таӊда дәстүрге айналып отыр. Оған Қазақстан Республикасыныӊ, Ресей Федерациясыныӊ және Изірбайжан Республикасыныӊ шекара ведомстволары белсенділікпен қатысады.

Биылғы жылы 30-сәуір күнінен басталған арнайы іс-шара кезінде қазақстандық Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ шекарашылары бір ай мерзім ішінде көптеген заӊсыз әркеттердіӊ жолын кесті. Атап айтқанда, шекарашылар Каспий теӊізінде заӊсыз жүрген 30 жүзу құралын ұстап, олардан 1400 дана бекіре балығын, 120 бекіре тұқымдас балықты, 3700 метр қармақты балық аулау құралын, ұзындығы 160 000 метрдей болатын әртүрлі торды тәркіледі.

Браконьерлерге қатысты 5 қылмыстық іс қозғалып, 63 адамға 1 миллион теӊгеден астам айыппұл салынды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны