28.12.2016, 19:50 4311

Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды

Президент Жарлығына сәйкес Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды.

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды,- деп хабарлайды Президенттіӊ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев бүгін "Т.М. Сүлейменовті Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындау туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 395 Жарлыққа қол қойды.

"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын",- делінген Жарлық мәтінінде.

Президент Жарлығына сәйкес Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны