05.01.2017, 10:05 4185

Тіркеуге тұрмаған қазақстандықтар 2017 жылдыӊ 7 қаӊтарынан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Осы жылдыӊ 7 қаӊтарынан бастап жалға берушініӊ (жалдауға берушініӊ) меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардыӊ қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда жеке тұлғалардыӊ тiркеусіз тұруына жол берілуі анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады (10 айлық есептік көрсеткіш - 22 690 теӊге).

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Тіркеуге тұрмаған қазақстандықтар 2017 жылдыӊ 7 қаӊтарынан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осы жылдыӊ 7 қаӊтарынан бастап жалға берушініӊ (жалдауға берушініӊ) меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардыӊ қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда жеке тұлғалардыӊ тiркеусіз тұруына жол берілуі анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады (10 айлық есептік көрсеткіш - 22 690 теӊге).

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы азаматтарыныӊ, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұру мерзімі 3 айдан 1 айға дейін қысқартылды.

Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы талаптар әлемдік практикаға сай. Қазақстанда тұрғындарды тұрғылықты жері және уақытша болатын жері бойынша тіркеу келесі заӊнамаларда қарастырылған:

- ҚР паспорттық жүйесі туралы ережесі (05.04.1993ж. № 256);

- Халықты құжаттандыру және тіркеу ережесі (10.07.2000ж. № 1063);

- Ішкі мигранттарды тіркеу ережесі (01.12.2011ж. № 1427).

Тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілік бекітілді (2001 жылғы ҚР Икімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстіӊ 377-бабы, қолданыстағы ҚР ИҚ кодексініӊ 492-бабы).

Азаматтардыӊ тұрғылықты жері бойынша тіркеу міндеттілігі "Халықтыӊ көші-қоны туралы" заӊымен де бекітілді. Мұнымен қоса, аталмыш заӊда тұрғын үйдіӊ иесі өз меншігінде тұратын тұлғаларды тіркеуге қою міндеттемесі жоқ.

"Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊы заӊнамадағы бұл олқылықты жояды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны