15.05.2014, 23:15 2862

ТКШ жаңғырту бағдарламасында халыққа арналған тәртіп жеңілдетілді

ТКШ жаңғырту бағдарламасында пәтер иелерінің алдын ала салымы алынды. Өңірлік даму министрлігінде хабарлағандай, 2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасына өзгертулер енгізілді.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. ТКШ жаңғырту бағдарламасында пәтер иелерінің алдын ала салымы алынды.

Өңірлік даму министрлігінде хабарлағандай, 2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасына өзгертулер енгізілді.

Жаңа өзгертулерге сәйкес жалпы жөндеуге байланысты жаңа тәртіптер орнатылды. Күрделі жөндеу жүргізу кезінде азаматтар жұмыстың максималды немесе минималды түрін таңдай алады. Минималды жөндеудің құрамына шатыр жөндеу, подъезд бен тұрғын үй қоймасын қалпына келтіру,ал жұмыстың максималды түрі шатыр жөндеу, қойма, подъезд, лифт және т.б жөндеу жұмыстарын қарастырады.

Бағдарламаға қатысудың жолдарын жеңілдету пәтер иелерінің 3%, 5% және 7% көрсеткішіндегі алдын ала төлем салуының алынуы болды.

Бағдарламаның жаңа редакциясында көпқабатты тұрғын үйлердің жөнделуі бірыңғай механизм бойынша жүзеге асады. Онда құзіретті мамандандырылған органдар жөндеуді өз бетінше немесе арнайы ұйымдардың қатысуымен жасайды. Арнайы ұйымдарды таңдауда конкурстық шаралар алынып тасталды, оны тұрғындардың өздері таңдайды.

Сондай-ақ, энергия үнемдеу мен жылу энергиясын тиімді пайдалану бойынша өзгертулер енді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны