26.04.2007, 16:51 3173

ТМД атқару комитеті үстіміздегі жылы қылмыспен күрес жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған үш бағдарламаның жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр

АСТАНА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылы қылмыспен күрес жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған үш бағдарламаның жобасы әзірленеді. Бұл туралы ТМД мүше елдердің қылмыспен күресте ынтымақтастықты жүзеге асырушы органдардың 4-ші үйлестіруші кеңесінің аяқталуына қатысты өткен баспасөз мәслихатында ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары Владимир Гаркун мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Үстіміздегі жылы қылмыспен, есірткі бизенсімен, лаңкестікпен және экстремизммен күресудің біріккен іс-әрекеттерінің 2008-2010 жылдарға арналған мемлекетаралық үш бағдарламасының жобасын әзірлеу туралы шешім қабылданды, ол ТМД мемлекеттерінің басшылары кеңесінің қарауына енгізіледі",- деді В. Гархун.

Ол сондай-ақ, ТМД елдерінің сәйкес органдарының арасында ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға қатысы бар тұлғалар немесе ұйымдар туралы жедел ақпараттар алмасу күшейтілетіндігін хабарлады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеңеске қатысушылар заңсыз көші-қон арналарын, есірткінің, қару-жарақтардың, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың заңсыз айналымын анықтау және оның алдын алуға бағытталған біріккен профилактикалық, жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларды жүргізу тәжірибесін одан әрі дамытудың орынды екендігін мойындап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны