22.05.2009, 12:04 1492

ТМД елдерін жаңа нарықтық жағдайда мемлекеттер арасында жаңа әрі теңдіктегі қарым-қатынас орнатуға жәрдемдесіп жатқан адамдар мен тарих біріктіреді - Назарбаев

"Осы жылдарда ТМД-нің ешкімге қажеті жоқ деген әңгімелер қаншама айтылды. Мен ТМД барлығымызға қажет деген кәміл сенімдемін. Қазіргі өзіміз білетін түрде ТМД болмаса, біздің мемлекеттеріміздің тәуелсіздігінің аяғынан тік тұруы бұдан да күрделі жағдайда өтер еді", - деді Н.Назарбаев.

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерін жаңа нарықтық жағдайда мемлекеттер арасында жаңа әрі теңдіктегі қарым-қатынас орнатуға жәрдемдесіп жатқан адамдар мен тарих біріктіреді. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада ТМД елдерінің үкімет басшыларымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Осы жылдарда ТМД-нің ешкімге қажеті жоқ деген әңгімелер қаншама айтылды. Мен ТМД барлығымызға қажет деген кәміл сенімдемін. Қазіргі өзіміз білетін түрде ТМД болмаса, біздің мемлекеттеріміздің тәуелсіздігінің аяғынан тік тұруы бұдан да күрделі жағдайда өтер еді", - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, президент атап өткеніндей, "барлығымыз тәуелсіз мемлекеттер болғанымызбен, барлығымыз басқаша елдерге айналдық, кей тұста саясатымыз сан салалы болғанымен, жаңа нарықтық жағдайда мемлекеттер арасында жаңа әрі теңдіктегі қарым-қатынас орнатуға жәрдемдесіп жатқан адамдар мен тарих бізді біріктіреді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны