30.06.2008, 18:16 7364

ТМД елдерінде Қазақстанның ІІМ іздестіріп жатқан 100-ден аса қылмыскер қамауға алынды

ТМД елдерінде Қазақстанның ІІМ іздестіріп жатқан 100-ден аса қылмыскер қамауға алынды

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерінде Қазақстанның ІІМ іздестіріп жатқан 100-ден аса қылмыскер қамауға алынды. Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғаммен байланыс орталығының басшысы Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Былтыр және биыл ТМД аумағында Қазақстанның ІІМ іздестіріп жатқан 126 тұлға тұтқындалды. Олардың көпшілігі Ресей, Өзбекстан, Украина мен Қырғызстан елдерінде құрықталған", - деді Б. Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны