15.10.2026, 12:27 54561 / 10230

ТМД елдерінің қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ТМД елдерінің қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстанның қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Шолпан-Атада өткен ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Кездесуге қатысушылар 2026 жылғы әскери ынтымақтастықтың қорытындысын шығарып, 2027 жылға арналған жоспарларды талқылады.

Әскери кадрларды даярлау, әскери білім беру, оқу-жауынгерлік дайындық, сондай-ақ армиялық спортты дамыту және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ҚР Қорғаныс министрлігі

Отырыс қорытындысы бойынша Достастыққа мүше мемлекеттердің алдағы әскери ынтымақтастығын реттейтін құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар, отырыс аясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Тараптар әскери ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны