25.04.2007, 15:56 2985

ТМД елдерінің бас прокурорларының үйлестіру кеңесі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды

АСТАНА. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Астанада ашылған ТМД мүше елдерінің бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысы барысында Достастық елдерінің қадағалау органдары сыбайлас жемқорлықпен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында Қазақстанның бас прокуроры аппатарының жетекшісі Рамазан Сәрпеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Аталмыш келісім аясында ұлтаралық сипатқа ие сыбайлас жемқорлық әрекеттер туралы хабарламалар мен арыздарға бірлесе отырып тексеру жүргізу сияқты ынтымақтастық жасау түрлері ұсынылған",- деді Р. Сәрпеков.

Сонымен қатар, оның айтуынша, отырыс барысында алғаш рет "сотта мемлекеттік айыптауды қолдау туралы нұсқау" талқыланып, қабылданады. "Бұл өте маңазды мәселе, бұрындары Одақ кезінде осы мәселеге қатысты әдістемелік ұсынымдар жасалынған, ал тәуелсіздік алғаннан бастап өздерінің барлық сот тәжірибесін өздері әзірлейді. Сондықтан да біз осы бағыт бойынша тәжірибе алмаспақпыз",- деп түсіндірді Р. Сәрпеков.

Отырыста сондай-ақ қылмыстық істерді тіркеу мен қылмыстарды есепке алудың бірыңғай тәртібі туралы ереже қаралады. "Мысалы, Қазақстанның шекараға жақын аудандарында қылмыс жасаған тұлға шетелге шығып кетеді. Проблема аталмыш қылмысты есепке қою мен қылмыскері кері қайтаруда болып отыр. Қазір халықаралық келісімдер негізінде бұл жүзеге асырылуда, бірақ бұған көп уақыт кетеді. Сондықтан да бұл мәселені шешетін кез келді",- деп түсіндірді Р. Сәрпеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны