11.08.2006, 14:32 2936

ТМД елдерінің көші-қон қызметтері Қазақстандағы еңбек мигранттарын заңдастыру шарасына қызығушылық танытуда

АСТАНА. 11-тамыз. Kazakhstan Тoday. ТМД елдерінің көші-қон қызметтері Қазақстандағы еңбек мигранттарын заңдастыру шарасына қызығушылық танытуда. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитеті көші-қон полициясы басқармасының бастығы Серік Сайынов баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Қазақстанда осындай шара өткізілетіндігі туралы ТМД елдерінің көші-қон қызметтерінің ықпалдастығы мен заңсыз көші-қон мәселесі бойынша шілде айында Мәскеуде өткен кеңесте хабардар еттік",- деді С.Сайынов. Оның айтуынша, ТМД елдерінің көші-қон қызметтерінің көптеген басшылары "қызығушылық білдіріп, тиісті заңның жобасымен таныстыруды өтініп, шараны өткізуге қатысты егжей-тегжейі мен тетіктерін сұрастырды, сондай-ақ, осы жылдың 31-желтоқсанында аяқталуға тиіс шараның нәтижелеріне қызығушылық танытты". С.Сайынов заңсыз еңбек мигранттарын легализациялаға қаатысты бұл ТМД елдері аумағындағы алғашқы шара екенін еске салды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны