24.06.2022, 18:07 28541

ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі алдағы жылға арналған бірлескен іс-шараларды бекітті

Кездесуде әлемдегі әскери-саяси жағдай, ТМД елдірінің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің ұлғаюы туралы ақпарат тыңдалды.
ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі алдағы жылға арналған бірлескен іс-шараларды бекітті
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
МӘСКЕУ. 24 МАУСЫМ - Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Мәскеуде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесуде әлемдегі әскери-саяси жағдай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдірінің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің ұлғаюы туралы ақпарат тыңдалды.
 

Достастық елдері Қарулы күштеріндегі авиацияның ұшу қауіпсіздігінің 2021 жылғы жай-күйі туралы деректер назарға алынды. Инженерлік әскерлер үшін мамандар даярлау бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы қызметінің мәселелері қаралды. ТМД мемлекеттері Қарулы күштерін метрологиялық қамтамасыз етуді 2025 жылға дейін жетілдіру жөніндегі бірлескен жұмыстардың бағдарламасы мақұлданды", - деп хабарлады Қорғаныс ведомствосы.

 
Сонымен бірге, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралары бекітілді.
 
Кездесу алдында сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Ресейдің жеке отырысы өтіп, онда Ауғанстандағы жағдай талқыланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны