29.09.2006, 15:12 2865

ТМД-ға қатысушы елдердің ішкі істер министрлері кеңесіне төрағалық жасау құзыреті Қазақстанның ішкі істер министріне берілді

АСТАНА. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. ТМД-ға қатысушы елдердің ішкі істер министрлері кеңесіне төрағалық жасау құзыреті Қазақстанның ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановқа берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысы өтуде. Кеңес барысында ТМД-ға қатысушы елдердің ішкі істер министрліктері арасындағы қылмыспен күрес саласындағы әріқарайғы ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Мәселен, экстремизммен, лаңкестікпен, ұйымдасқан қылмыс түрлерімен, есірткі саудасымен және заңсз көші-қонмен күрес мәселелері қаралады.

Сонымен бірге отырыста ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ықпалдастықты дамыту перспективалары, қылмыскерлерді мемлекетаралық іздестіруді жетілдіру мен қарқындандыруға бағытталған шараларды талқылау межеленген. Министрлер ТМД-ға қатысушы елдердің ішкі істер министрлері кеңесінің жұмысшы органы болып табылатын ұйымдасқан қылмыспен және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі бюроның іс-қызметінің қорытындысы туралы баяндама тыңдайды.

Сондай-ақ, қатысушыларға ТМД антитеррорлық орталығының іс-қызметінен хабардар болады.

ТМД-ға қатысушы елдердің ішкі істер министрлері кеңесі Астанада осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғаш рет ІІМ Қазақстан Елордасында 1999-жылдың маусым айында кездесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны