29.05.2015, 11:52 3710

ТМД-ға мүше елдер үкімет басшылары кеӊесінде бірқатар құжаттарға қол қойылды

Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде ТМД-ға мүше мемлекеттер делегациялары басшылары кеӊесініӊ отырысы өтуде

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде ТМД-ға мүше мемлекеттер делегациялары басшылары кеӊесініӊ отырысы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алқалы жиынға ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, Армения Премьер-Министрі О.Абраамян, Беларусь Премьер-Министрі А.Кобяков, Қырғызстан Премьер-Министрі Т.Сариев, Молдавия Премьер-Министрі К.Габурич, Ресей Үкіметініӊ төрағасы Д.Медведев, Тәжікстан Премьер-Министрі К.Расулзода қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға қатысушылар қатарында Изербайжан үкімет басшысыныӊ бірінші орынбасары Я.Эюбов, Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасыныӊ орынбасары С.Сатлыков, Өзбекстан Премьер-Министрініӊ орынбасары А.Икрамов, Украинаныӊ Қазақстандағы істерініӊ уақытша сенімді өкілі Ю.Лазебник, ТМД атқарушы комитетініӊ төрағасы С.Лебедев те бар, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Шағын құрамдағы келіссөздердіӊ нәтижесінде бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, отырысқа қатысушылар қаржы экономика саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ТМД мемлекеттерініӊ бірлескен іс қимыл жоспарын қабылдап, халықаралық байланыс тасымалын жүзеге асыру барысындағы Достастық мемлекеттері аумағында көлік қауіпсіздігі стратегиясын бекітті. Жалпы қол қойылған құжаттар саны жиырмаға жуық.

Отырыс нәтижесінде ТМД Үкімет басшылары кеӊесініӊ келесі отырысын ағымдағы жылдыӊ қазан айында Тәжікстан астанасы Душанбеде өткізу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта ТМД-ға мүше мемлекеттер делегациялары басшылары кеӊесініӊ кеӊейтілген құрамдағы отырысы басталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны