22.05.2015, 13:51 3602

ТМД-ныӊ І-ші Армия ойындарына қатысуға Қазақстан Қарулы Күштерініӊ 70 үздік әскери спортшысы жарияланды

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубыныӊ 70 мықты спортшысы ТМД елдерініӊ тұӊғыш армия ойындарына қатысуға іріктеліп алынды. Мұнда біздіӊ командаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерініӊ беделді армия спортшыларымен сайысуға тура келеді. Алғашқы армия ойындары биыл жазда Мәскеуде өтеді

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубыныӊ 70 мықты спортшысы ТМД елдерініӊ тұӊғыш армия ойындарына қатысуға іріктеліп алынды. Мұнда біздіӊ командаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерініӊ беделді армия спортшыларымен сайысуға тура келеді. Алғашқы армия ойындары биыл жазда Мәскеуде өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпы алғанда, сайыс бағдарламасына спорттыӊ 30 түрі енгізілген. Қазақстан құрамасы 13 спорт түрінде сайысқа түсетін болады. Біздіӊ спортшылар биатлон, спорттық бағдарлау, жеӊіл атлетика және таэквондодан қол жеткізетін нәтижелерге ерекше үміт артуда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Алдағы армия ойындарыныӊ егжей-тегжейін ҚР ҚМ АОСК төрағасы Айталап Құрғамбаев РФ ҚК дене даярлығы басқармасыныӊ бастығы полковник Олег Боцманмен талқылады. Кездесу қазір Ил-Кувейт (Кувейт) қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік армия спорты кеӊесініӊ 70-ші Бас ассамблеясы және Конгресі барысында өтті.

Мұнда қазақстандық спорт комитетініӊ басшысы КАФАК (АОСК-ныӊ корейлік баламасы) басшысымен екіжақты келіссөз жүргізді.

Қазақстан және Ресей армия спортшыларымен бірге ассамблеяға 82 елдіӊ әскери спорт комитеттерініӊ өкілдері қатысуда. Олар әлемдік әскери-спорттық қозғалысты, әскерлердіӊ дене даярлығын әрі қарай дамыту, армия спортшыларын дайындаудағы жаӊа әдістерді іздестіру мәселелерін талқылайтын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны