01.04.2014, 20:06 3247

ТМРА басшысы ҚР Үкіметінде 2014-2020 жылдарға арналған жылу беру жүйесін жаңғыртудың кешенді жоспарын ұсынды

Табиғи монополияларды реттеу агенттігнің төрағасы Марат Оспанов бүгін Үкіметте 2014-2020 жылдарға арналған жылу беру жүйесін жаңғыртудың кешенді жоспарын ұсынды.

Алматы. 1 сәуір. Kazakhstan today. Табиғи монополияларды реттеу агенттігнің төрағасы Марат Оспанов бүгін Үкіметте 2014-2020 жылдарға арналған жылу беру жүйесін жаңғыртудың кешенді жоспарын ұсынды.

"Жылу беру үрдісіне жылу көздері, жылу жүйелері мен жылу беру компаниялары қатысты. Бүгін біз жылу жүйелеріне ерекше көңіл аудармақпыз, себебі олар ауыр жағдайда тұр. Қазіргі таңда жылу жүйелері 70-80 пайыз апатты жағдайда тұр, ал жылу жүйесінің шығыны әлемдік көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары", - деді М. Оспанов.

Жалпы, оның айтуы бойынша, Жоспар мақсаты ТКШ бағдарламалары бойынша қаржыландыру көздерін жетілдіру, оларға көмек көрсету болып табылады.

"Осыған сәйкес жоспар жылу жүйелерін жаңғырту, ол 400 мың Гкалды қамтамасыз ететін транспорттыққа жауап береді. 17 нысан бойынша Астана және Алматы, облыс орталықтарында, яғни ел экономикасына әсер ететін аймақтарда орналастыру қарастырылған. Ел бойынша 17 негізгі жылу жүйесінің транспорттық тасымалына 60 пайыз қажет ол жылу энергиясын құрайды", - деді агенттік басшысы.

Агенттік ұсынып отырған жоспар мекен-жайлық түрде жылу жүйесін қажет етіп отырғандарға орнатылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны