16.05.2012, 13:28 2925

ТМРА кезең-кезеңімен үш деңгейлі сараланған тарифтерге көшуді жоспарлап отыр

Электр энергиясы мен суға тарифтерді тереңдетіп саралауды енгізу электр энергиясы мен су тарифтерінің өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.

Астана. 16-мамыр. Kazakhstan Today - ТМРА кезең-кезеңімен үш деңгейлі сараланған тарифтерге көшуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Электр энергиясы мен суға тарифтерді тереңдетіп саралауды енгізу электр энергиясы мен су тарифтерінің өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.

"Сараланған тарифтерді енгізу халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы үшін тарифтердің өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік туғызып, су арналарына жаңғыртуды жүзеге асыру үшін қосымша табыс алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ, ластайтын заттар шығарындыларын барынша төмендетеді", - деді М.Оспанов ҚР Үкіметінің отырысында.

Агенттік төрағасының атап өткеніндей, 2011 жылы тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтерді қолдану нәтижесінде үнем орташа есеппен шамамен 2,5 млрд. теңгені құрады. Тұтыну көлемі бойынша шамамен 1 млрд. теңге болды. Электр энергиясының үнемделуі 150 млн. кВт/сағатты құрады. Ластайтын заттар шығарындылары, күл шығару 13,5 мың тоннаға төмендеді.

Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында тұтынушылар тобына қарай сараланған тарифтер енгізілген, сонымен қатар тұтыну көлеміне орай екі деңгейлі сараланған тарифтерді енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Екі деңгейлі сараланған тарифтер Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Астана қаласында, барлығы республикамыздың 8 өңірінде енгізіліп қойды.

Жалпы алғанда, 2011 жылы су арналары табыстарын 9,8 млн. теңгеге дейін арттырған, суды үнемдеу шамаман 2 млрд. теңгені құрады. 2012-2013 жылдардан бастап кезең-кезеңімен үш деңгейлі сараланған тарифтерге өту үшін екі деңгейлі сараланған тарифтерді енгізу жұмыстарын жалғастыру ұсынылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны