19.09.2024, 14:09 35396
Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берілді
Достарға айту
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берілді.
Министрдің айтуынша, жыл басынан бері қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалып отыр. Атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар саны төрт мыңға, соның ішінде қылмыс жеті мыңға азайған. Қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмаған азаматтардың қатысы бар құқық бұзушылықтар төмендеген. Сонымен қатар қылмыстың барлық түрін ашу көрсеткіші жақсарған.
Мемлекет басшысына ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кадрлық әлеуетті арттыру жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.
Министр "Заң және Тәртіп", құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын іске асыру, сондай-ақ қылмыстың алдын алу шаралары туралы айтты. Жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу көрсеткіші 45 пайызға ұлғайған, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылғандар 30 пайызға, жол жүру ережесін бұзу фактілерін анықтау 47 пайызға артқан. Нәтижесінде жүргізуші куәлігінен айырылғандар саны екі есе көбейген.
Бұдан бөлек, Президентке қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдай туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.10.2024, 17:27 7431
Қазақстан Президенті мен Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының басшысы бірлескен көпжақты жобаларды іске асыруды талқылады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев У Вон Шиктің Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапары елдеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынастардың дәлелі екенін айтты.
Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы санқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті.
Мемлекет басшысы тараптардың парламентаралық ықпалдастықты жандандыру жолындағы күш-жігеріне қолдау білдірді. Бұл - саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту ісінің маңызды тетігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 17:02 7681
Алматы музейлері Еуропа елдерін бағындыруда
Достарға айту
Мажарстан тұрғындары мен туристері "Қазақстан көшпенділері: өткені мен бүгіні" атты көрмеге ерекше ықыласпен баруда. Көрмені Алматы қаласы музейлер бірлестігі мажар қыпшақтарының астанасы - Карцаг қаласында ұйымдастырды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Еуропалықтар назарына 200-ден астам экспонат ұсынылды, олардың арасында ұлы Абай Құнанбайұлына тиесілі домбыра, XIII ғасырда Алматы аумағында соғылған күміс тиындар (дирхемдер), XIII-XX ғасырлардағы шекелік, алқа, білезік, сырға және жүзіктер сынды дизайны оюлармен әсемделген әрі күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, жүннен тоқылған кілемдер, ат әбзелдері, музыкалық аспаптар және қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері жайында сыр шертетін тұрмыстық заттар бар.
Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Мажарстан аумағында Торғай даласынан Еуропаға қоныс аударған қыпшақ тайпаларының ұрпақтары тұрады, сондықтан бұл мәдени іс-шара жергілікті халық арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көрмеге келген Карцаг қаласының тұрғындарының бірі - Шандор Бене өз әсерімен бөлісті.
Бүгін біз көптеген экспонатты көрдік, олар екі ел арасындағы терең байланысты айқындайды. Бұл көрмені әкелгендеріңізге өте қуаныштымын, өйткені ол ортақ дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды және мәдениетімізді көрсетеді. Әсіресе жастар қазақтар мен мажарлардың бауырлас халықтар екенін білетін болады. Бізде Карцаг қаласында ат спорты үйірмелері бар. Балаларды арнайы сол дәстүрлерді қайта жаңғырту үшін береміз. Енді осы көрменің арқасында біз жастарға тарихымызды айтып қана қоймай, ата-бабаларымызды байланыстырған өмір салтын көрсете аламыз", - деді Карцаг қаласының тұрғыны Шандор Бене.
Көрме 20 қарашаға дейін жалғасады. Ол екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлігінде қазақ халқының дәстүрі, салты, әдет-ғұрыптары, сәндік-қолданбалы өнері мен ұлттық музыкалық аспаптары көрсетілген экспонаттар ұсынылса, екінші бөлімде Алматы қаласының сұлу табиғаты мен заманауи келбетін бейнелейтін фотосуреттер қойылған. Көрмені жергілікті халықпен қоса Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Карцаг қаласының мэрі Тибор Сепеши және елге ресми сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов тамашалады.
Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласы музейлер бірлестігі халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту аясында Алматы әкімдігінің қолдауымен Аустрияда, Италияда, Түркияда, Оңтүстік Кореяда көрме өткізіп, Франциядағы Луврда кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында оқу оқыған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 12:42 12691
Ұлытау облысының жаңа әкімі тағайындалды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының жаңа әкімін тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", деп көрсетілген президент жарлығында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 11:09 13046
Соңғы 5 жылда алғаш рет Аралға су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды
Достарға айту
Биыл соңғы 5 жылда алғаш рет вегетация кезінде Арал теңізіне су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды. Жалпы 977 млн текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Соңғы жылдары теңізге 350-400 млн текше метр су келіп отырса, биылғы жылдың басынан бері бұл көлем 2 млрд текше метрден асты, ал жыл соңына дейін тағы шамамен 500 млн жіберу жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізінің су көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Теңізге осыған дейін вегетация кезінде секундына 7-10 текше метр су жіберілген болса, биыл секундына 60-70 текше метр су жіберілді", - деп мәлімдеді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Зейнулла Қазтоғанов.
Бұдан бөлек, Ақшатау-Сорғақ және Қамыстыбас көлдер жүйесіне 45 млн текше метрден астам су жіберілді. Бұл балық шаруашылығы мен туризімді дамытуға тиімді әсер етіп отыр. Мәселен, соңғы жылдары Арал теңізінің минерализациясы азайып, балықтың көбейуіне жағымды әсер етуде. Теңіз тартылғаннан бері жергілікті балықшылар жылына 400 тонна ғана балық ауласа, қазір 7,5-8 мың тоннаға дейін балық аулайды.
Қаратерең ауылының 76 жастағы тұрғыны, балықшы Күнтуған Тұрғанбаев өмір бойы осы кәсіппен айналысып келеді. Оның айтуынша, туған өлкеге су келгелі жаңа мүмкіндіктер пайда болған.
Көзімізді ашқаннан теңізден балық аулаумен айналысып келеміз. Су келгелі балық та жанданып, дарияға кіріп жатыр. Биыл былтырғыға қарағанда балық көбірек. Аралды осы деңгейде ұстап тұрса, балық шаруашылығы дамиды", - дейді ол.
Осы ретте Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта жоба бойынша қажетті құжаттама әзірленуде. Екінші кезең Солтүстік Аралды тұрақты сумен қамтамасыз етуден бастап экономикалық және әлеуметтік жобаларды дамытуға дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.10.2024, 17:29 37571
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге қойылатын талаптар күшейтіледі
Достарға айту
Мүгедектігі бар адамдардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының жергілікті атқарушы органдар жанындағы Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) мәселелері жөніндегі комиссиялардың қызметін регламенттейтін және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін жеткізушілерге қойылатын талаптарды күшейтетін қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 180 бұйрығына және "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында 22 қазанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.
Құжатта Әлеуметтік қызметтер порталында тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді тіркеуге және жіберуге қойылатын талаптар күшейтілді. Санаторий-курорттық емдеу қызметтерін жеткізушілер Порталда санаторийлік-курорттық ұйымдардағы орындардың жалпы саны бойынша, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен оларды бірге алып жүрушілер үшін берілетін орындардың саны туралы ай сайын жалпы алғнада төсек-орындар санының кемінде 10%-ы көлемінде деректерді енгізуге міндетті.
Сонымен бірге бұйрық жобасында оларға бару арқылы жеткізушілерге мониторинг жасау көзделген. Осылайша, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін тауарлар мен қызметтердің өнім беруші мәлімдеген сипаттамаларының сәйкестігі тексерілетін болады.
Мониторинг сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен немесе Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілген мүгедектігі бар адамдарға бару арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бұдан басқа жергілікті атқарушы органдар жанындағы Әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссиялардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына мүгедектігі бар адамдардың шағымдарын қарау мерзімі 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар Әлеуметтік қызметтер порталында тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер ретінде барлық қажетті талаптарға сәйкес келетін ұйымдарды ғана жіберуді қамтамасыз етеді. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және олардың алушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.10.2024, 17:27 37796
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысы өтті
Достарға айту
Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXII отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оған ислам, христиан, буддизм, иудаизм, даосизм, синтоизм және бахаи дінінің делегаттары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен Қазақстандағы діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар қазіргі заманғы сын-қатерлерді бірлесіп еңсеру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасына қатысты сұрақтарды талқылады және алдағы VIII съездің күн тәртібін белгіледі.
Хатшылық отырысында қатысушылар бейбітшілікті сақтап, диалог пен өзара құрмет мәдениетін нығайту үшін барлық діни және халықаралық ұйымдардың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдырудың маңызды екеніне тоқталды.
Отырыс нәтижесінде Ізгі ниет елшілері сайланып, дін өкілдерін құрметті медальдармен марапаттау рәсімі өтті.
Айта кету керек, съезді дамыту тұжырымдамасы аясындағы тағы бір маңызды бастама - 9 қазанда Астанада өтетін Жас діни лидерлер форумы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.10.2024, 17:16 38201
Күзде 20 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады
Достарға айту
Қазақстанда 20 000-нан астам азамат әскер қатарына шақырылады, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес осы жылдың қыркүйек айынан бастап ЖАО әкімдері орынбасарларының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кірісті. Желтоқсан айының 30-на дейін Қарулы күштер және басқа да әскери құрылымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіз жоқ 18-ден 27 жас аралығындағы 20 000-нан астам ер азамат толықтырады.
Осы жылдың күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін Қорғаныс істері басқармалары мен бөлімдерінде 10 шілдеден бастап әскерге шақырушыларды зерттеп, зерделеу, іріктеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті әскери басқару органының лауазымды адамдары зерделеу барысында әсерге шақырушылардың отбасы құрамын, әскерге қызмет өткеруге жарамдылық санатын, білімін және мамандығын нақтылайды, сондай-ақ жеке ісіндегі құжаттарды зерделеп, әскерге шақырушылармен әңгімелеседі. Бұл ретте бүгінгі таңда 18-27 жас аралығындағы әскерге шақырылушылар Қазақстан Республикасы бойынша 730 мың адамнан тұрады. Соның ішінде 120 мыңы әскерге дайын, оның ішінен 40 мыңы мерзімді әскерге шақырылады", - деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, 2024 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер санының ұлғаюымен, әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттырумен, есепке алу-әскерге шақыру жұмысын цифрландырумен ерекшеленеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.10.2024, 17:13 38576
Астанада "Elorda zhastary" бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелері белгілі болды
Достарға айту
Елордалық тұрғын үй орталығы "Elorda zhastary" бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелерінің жарияланғанын хабарлады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Нәтижелерді zhilfond.kz порталынан және www.gov.kz Астана тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтынан көруге болады. Онда барлығы үш тізім жарияланған: "Мақұлданды", "Резерв" және "Қабылданбады".
Мақұлданды" тізіміндегі азаматтарға 8 қазанда өтінім беру кезінде көрсетілген электрондық поштаға (мүмкін "Спам" папкасында болады), "Отбасы банк" АҚ-ға жіберудің электрондық нұсқасы жіберіледі, оны басып шығару қажет. 10 жұмыс күні ішінде онымен төлем қабілеттілігін бағалау үшін Астанадағы "Отбасы банк" АҚ-тың кез келген бөлімшесіне жүгіну керек. Жолдаманы алған сәттен бастап белгіленген мерзімде банкке келмеген жағдайда, тұрғын үй Орталығы оның күшін жоюға құқылы.
Резерв" тізіміндегі азаматтар бағдарламаның негізгі шарттарына сәйкес келеді, алайда аз балл жинап, лимиттің аяқталуына байланысты резервтік тізімге енгізілген. Егер мақұлданғандардың негізгі тізімінен банкте төлем қабілеттілігін растамағандар болса, төлем қабілеттілігінен өтуге жолдама тізімдегі кезектілікке сәйкес резервтік тізімнен азаматтарға берілетін болады.
Қабылданбады" тізіміндегі азаматтар не себепті бағдарлама талаптарына сәйкес келмегенін birge.astana.kz порталындағы жеке кабинетте толығырақ танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.10.2024, 11:09Соңғы 5 жылда алғаш рет Аралға су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды 09.10.2024, 12:42 12676Ұлытау облысының жаңа әкімі тағайындалды09.10.2024, 17:02 7666Алматы музейлері Еуропа елдерін бағындыруда09.10.2024, 17:27 7416Қазақстан Президенті мен Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының басшысы бірлескен көпжақты жобаларды іске асыруды талқылады09.10.2024, 12:36 4336ІІМ мұнай өнімдері ірі контрабандасының арнасын жойды
04.10.2024, 16:46 87136Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады04.10.2024, 18:09 87036Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысты04.10.2024, 13:26 87031Астана қаласында волонтерлік қозғалыстардың көшбасшыларының слеті өтті03.10.2024, 14:20 86426Қасым-Жомарт Тоқаев корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады03.10.2024, 17:19 85606Тоқаев Германия Президентін бірлік күнімен құттықтады
26.09.2024, 18:14 100196Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 95721«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 94396Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр27.09.2024, 17:57 90016Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді04.10.2024, 16:46 87136Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады