05.01.2023, 13:17 25586

Тоқаев қаңтар оқиғасы құрбандарының рухына құран бағыштады

Қаңтар трагедиясы барысында 238 адам қаза тапты
Тоқаев қаңтар оқиғасы құрбандарының рухына құран бағыштады
Сурет: akorda.kz
Астана. 5 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимі мен лаңкестікке қарсы операция кезіндегі шабуылдарды тойтару кезінде барлығы 238 азамат қақтығыстар кезінде қаза тапты. Олардың ішінде 41 адам бұрын сотталған. Сандық деректер сенімді, тергеу барысында қайта тексерілді. Оның ішінде, 67-сі шабуыл жасаушы, яғни жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікті деп танылды, 142-сі төтенше жағдай режимін және лаңкестікке қарсы операцияны бұзушы, 4-еуі басқа қылмыстарды жасауда қаза тапты. Қаңтар айындағы оқиғаның салдарынан күш құрылымдарының 19 қызметкері қаза тауып, 3037 полиция қызметкері мен әскери қызметші жарақат алды. Ең көп қаза тапқан 151 адам - Алматы қаласында. Көбісі Президенттің резиденциясына шабуыл кезінде қаза тапты.

2022 жылғы 23 желтоқсанда Алматыда қаңтар трагедиясының құрбандарына арналған мемориал ашылды.

?а?тар трагедиясыны? ??рбандарына арнал?ан мемориал
?а?тар трагедиясыны? ??рбандарына арнал?ан мемориал
?а?тар трагедиясыны? ??рбандарына арнал?ан мемориал
?а?тар трагедиясыны? ??рбандарына арнал?ан мемориал
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны