10.08.2022, 15:27 29656
Тоқаев Абаевқа бұқаралық және балалар спортын дамытуды тапсырды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Дәурен Абаев азаматтардың жекелеген санаттарының кірісін арттыру шаралары туралы айтты. Атап айтқанда биыл мәдениет, өнер және спорт мекемелері қызметкерлерінің жалақысы өскен. Министрлік Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты жалғастырады.
Мәдениет және спорт министрі кітап шығару саласындағы жағдай туралы баяндады. Қазір негізгі күш баспа өнімдерінің, соның ішінде балалар әдебиетінің бәсекеге қабілетін арттыруға, сондай-ақ жазушыларды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар Президентке мұрағат қоймаларын жаңғырту мен цифрландыру жайы айтылды.
Қазақстандық спортшылардың халықаралық ірі жарыстарға, 2024 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі де жеке қарастырылды.
Мемлекет басшысы министрлікке бұқаралық және балалар спортын дамыту, ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттау жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев туристік инфрақұрылымды дамыту мен шетелдік инвесторларды тарту және бірлескен туристік жобаларды іске қосу үшін қажетті жағдай жасаудың маңызды екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.02.2023, 11:12 25966
ҚР СІМ басшысы Бахрейн Корольдігіне алғашқы ресми сапарын жасады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан мен Бахрейн арасындағы ынтымақтастықтың Жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, онда одан әрі өзара іс-қимылдың нақты бағыттары көрсетілетін болады
Манама. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Бахрейн Корольдігіне барды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бахрейн тарапы Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының сапарына ерекше мән берді. Министрді Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл-Халифа қабылдап, оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебіздері мен тілектерін жеткізді.
М. Тілеуберді сұхбаттасын Қазақстанның саяси және экономикалық жаңғыруының жаңа кезеңімен таныстырды. Өз кезегінде Король ҚР-дің қазіргі даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан халқының игілігі үшін жүргізіліп жатқан Президент реформаларына қолдау білдірді.
Қазақстан-Бахрейн саяси өзара іс-қимылының даму серпінін ескере отырып, тараптар диалогты жоғары деңгейде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында көліктік-логистикалық мәселелерді шешу үшін бірлескен күш-жігер жұмсауға келісті. Сондай-ақ, әлемдегі халықаралық жағдай, өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасу болды", - деді СІМ баспасөз қызметі.
Премьер-Министрдің орынбасары Халид бин Абдулла Әл-Халифамен келіссөздер барысында тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету жолдарын қарастырды. Қазақстандық тарап Бахрейн Таяу Шығыстағы еліміздің маңызды серіктесі екенін атап өтті.
Өзара саяси қолдаудың арқасында біз қазір өзара сенім мен белсенді ынтымақтастыққа негізделген достық қарым-қатынастамыз", - деді М.Тілеуберді.
Тараптар екі елдің өзара іс-қимылының жоғары деңгейін оң бағалады, бұл ретте сауда-экономикалық саладағы қолда бар әлеует толық көлемде пайдаланылмайтынын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан мен Бахрейн арасындағы ынтымақтастықтың Жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, онда одан әрі өзара іс-қимылдың нақты бағыттары көрсетілетін болады.
Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид Әл-Заянимен кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың барлық мәселелері талқыланды. Министрлер өзара қызығушылық тудыратын аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. "Орталық Азия - Шығанақ араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" диалогтық платформасы шеңберінде өңіраралық кооперацияға ерекше назар аударылды.
Бахрейн тарапы екіжақты қатынастар тарихындағы Қазақстан СІМ басшысының Бахрейнге алғашқы ресми сапарын оң бағалап, оның барлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
Сапар бағдарламасы Бахрейннің Сауда-өнеркәсіп палатасындағы келіссөздермен аяқталды. СӨП Төрағасы Самир Насс және Бахрейн бизнес топтарының өкілдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыру жолдары, сондай-ақ "Астана" Халықаралық қаржы орталығы мен Бахрейннің Халықаралық ислам қаржы нарығы арасындағы ынтымақтастық қаралды. Бизнесмендер арасындағы тікелей байланыстарды ынталандыру және ынтымақтастықтың перспективалы салаларын айқындау үшін екі ел арасында Іскерлік кеңес құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар өзара сауданы кеңейтуге және инвестициялар көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында кооперацияны дамытуға бағытталған өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2023, 10:17 26916
Смайылов: Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының әлеуетін белсенді дамыту қажет
Екі ел көшбасшылары арасындағы белсенді саяси диалог Қазақстан-Ресей әріптестігінің барлық салаларында жоғары қарқынды қамтамасыз етіп отыр
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Астана. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Алматыда өтіп жатқан ЕҮАК отырысы аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын, транзиттік және екіжақты жүк тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды, шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі жоспарларды және басқа да бірқатар тақырыптарды талқылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов ҚР мен РФ арасында экономикалық кооперация қарқынды дамып, өзара сауда-саттық деңгейі арта түскенін және бірлескен жобалар іске асырылып жатқанын айтты. Бұл ретте екі ел көшбасшылары арасындағы белсенді саяси диалогтың Қазақстан-Ресей әріптестігінің барлық салаларында жоғары қарқынды қамтамасыз етіп отырғаны атап өтілді.
Кездесуде өткен жылдың 11 айында өзара тауар айналымы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өскені айтылды. Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияның даму қарқыны жақсы, оның аясында жалпы құны $1 млрд-қа жуық 26 бірлескен жоба іске асырылды. Бұған қоса құны шамамен $23 млрд болатын 84 ірі жоба іске асырылуда және пысықталу сатысында. Осы жобалардың аясында 24 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Бұл Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының зор әлеуетін көрсетеді, біз оны белсенді түрде қолдап, дамытуымыз қажет", - деді Әлихан Смайылов.
Өз тарапынан Михаил Мишустин екі ел үкіметтері тұрақты байланыста екенін және өзара мемлекетаралық байланыстардың аса маңызды міндеттерін уақытылы шешіп отырғанын атап өтті.
Негізгі басымдықтарымыздың бірі - Қазақстанмен қарым-қатынасты әрі қарай нығайта түсу. Біздің ынтымақтастығымыз достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық принциптеріне негізделген. Екі ел арасында өзара сауда-саттық табысты дамып келеді. Бұл ретте біз өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, көлік және басқа да салаларда жаңа өндірістік тізбектер құруды жеделдету маңызды деп санаймыз", - деді Михаил Мишустин.
Бір күн бұрын Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. Қатысушылар ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2023, 09:10 27666
Тоқаев кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Шақыру 2023 жылдың наурыз - маусым және қыркүйек - желтоқсан айларында болады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астана. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2023 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын", - делінген құжатта.
Бұдан басқа, Президент "Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын" деп Қаулы етті.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2023 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді тапсырылды.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 19:11 33031
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтуде
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Жиналғандар ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауда
Астана. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамда өткен отырысында ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Шараға Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров және Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин қатысуда.
Шағын құрамда өткен отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жоспарланып отыр.
Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін", - деді отырыста сөз алған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен ЕҮАК отырысы қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесу өткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 15:06 35726
Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды
Биыл күзге қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың "цифрлық егізін" құруды бастау жоспарлануда
Достарға айту
Алматы. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды. Бұл туралы Digital Almaty форумы барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Қабылданған қаланы дамыту бағдарламасындағы 7 негізгі басымдықтың бірі "Алматы - Смарт-сити" құру болып табылады. Биыл күзге қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың "цифрлық егізін" құруды бастау жоспарлануда. Алматының одан әрі дамуы үшін маңызды жобалар қаланы басқаруды жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да жүйелі платформалық шешімдер болып табылады. Бұл қаланың бірыңғай деректер қоймасы, геоаналитиканың бірыңғай платформасы. Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды. Бұл цифрландыруға қатысты цифрландыру емес, ең алдымен, жайлы қалалық орта құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді қала әкімі Ерболат Досаев Digital Almaty 2023 халықаралық форумында.
Ерболат Досаев Алматыда цифрландырудың ену деңгейі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштің бірі болып отырғанын атап өтті. Қазір қалада мемлекеттік қызметтердің 96%-ы цифрлық форматта жүргізіледі әрі бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді.
Былтыр шілдеде Алматы алғаш рет Thoughtlab (Нью-Йорк) әлемдік жетекші зерттеу компаниясының нұсқасы бойынша цифрлық даму стратегияларының әзірлігі дәрежесі бойынша Азия қалаларының алғашқы бестігіне кірді. Өткен жылдың қыркүйек айында Алматы Almaty Data Lake - бірыңғай деректер қоймасы жобасымен IEEE Smart Cities Awards Contest халықаралық "Ақылды қалалар" байқауының финалисті атанды", - деп еске салды әкім.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 2-3 ақпанда цифрландыру бойынша Digital Almaty V Халықаралық форумы өтуде. Форумда елдегі технопарктердің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда индустрия 4.0. және Innovation Center индустриялық өнеркәсіптегі инновациялар мен үздік IT әзірлемелер көрсетіледі.
Стартаптар аллеясында FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockcain, Big Data, MedTech, Logistic&Travel және т.б. саладан 100 жаңа жоба ұсынылады.
Бұған қоса, IT саланың жетекші өкілдерінің қатысуымен технологиялық марафон, воркшоп, жоғары оқу орындары мен бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
Дәстүр бойынша форум аясында ASTANA HUB BATTLE технологиялық марафоны - үздік IT-стартап үшін сайыс өтеді. Жүлде қоры $18 000. Форум екі күнге жалғасады.
3 ақпанда Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің Үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді, оның басты тақырыбы тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациядағы жаңа технологияларды дамыту болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2023, 14:44 35871
Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ең жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ол ұлттық спорт түрлерінің даму тұжырымдамасын әзірлеу қажет екенін атап өтті
Астана. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қауымдастықтың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Исламбек Салжановтың айтуынша, Көкпар, Жамбы ату, Аударыспақ, Теңге ілу, Бәйге, Құсбегілік, Дәстүрлі садақ ату, Тоғызқұмалақ және Асық ату секілді ұлттық спорт түрлерінің федерациялары қауымдастық аясына біріктірілген. Сонымен қатар ұлттық спорттың дамуына сараптама жасалып, жеке-жеке респубикалық федерациялармен институционалдық тұрғыда жұмыс жүргізіле бастаған.
2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге берген Қазақстанның өтінімін былтыр қыркүйек айында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы бірауыздан қолдады.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы елімізде өтетін ауқымды шараны сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысының айтуынша, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорт шараларымен шектелмеуі керек. Аталған халықаралық спорт сайысы қолөнер, туризм, қызмет көрсету саласы сияқты шағын және орта бизнес өкілдері үшін де тиімді ұйымдастырылып, кәсіптерін ілгерлетуге жағдай жасалуы қажет.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті ұлттық спорт түрлерінің даму тұжырымдамасын әзірлеу қажет екенін атап өтті және ат спорты ойындарындағы қауіпсіздік мәселесін қарастыруды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшылар Түркиядағы IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан чемпион атанды. Сондай-ақ, біздің құраманың жоғары сынама медалін қазақша күрес өкілі Марат Нығматуллаев алып келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 15:33 48911
SCAT басшысы Тоқаевқа әуе компания жұмысының нәтижелері туралы баяндады
Мемлекет басшысына 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілді
Достарға айту
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуе компаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына 2030 жылға дейін компанияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілді.
Бұдан бөлек, Президентке Шымкент әуежайындағы аэровокзал кешені құрылысының барысы және авиациялық хабты дамыту шаралары туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев SCAT әуе компаниясының қызметіне оң баға беріп, оның даму стратегиясын қолдады.
Мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық тасымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.02.2023, 14:22 49081
AMANAT-та елорданың "бей-берекет" құрылысы бақылауға алынды
Сурет: Amanat
Достарға айту
Мысалы, Astana Mall СОО маңына 15-тен астам тұрғын үй кешені салынды және бірде-бір мектеп жоқ
Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - "AMANAT" партиясының мүшелері латифундистерден жерді тәркілеу процесін бақылауда ұстайды. Бұл туралы "AMANAT" партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров мәлімдеді.
Ол қазіргі уақытта мемлекетке Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғанын атап өтті. Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жұмыс барысында Болат Назарбаевқа тиесілі жалпы аумағы 244 гектар болатын 59 жер телімі анықталған еді.
"АМАNАТ" партиясының Қоғамдық алаң ретінде әрбір азаматтың еншісі болып табылатын ұлттық байлықты мемлекетке қайтару басты миссиясы деп білеміз! "Бармақ басты, көз қыстымен" жымқырылған халық ырыздығын қайтару жұмысын жүйелі жүргіземіз. Мәртебелі фамилияға, "бұрынғы еңбегіңізге", қалтаңыздың қалыңдығына қарамаймыз. Халықтың меншігіне қол салдыңыз ба? Қайтарасыз. Алмақтың да салмағы бар және ол ауыр", - деді Ерлан Саиров.
Сондай-ақ, жиын барысында партиялықтар Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйін және партияның сайлауалды уәделерін жүзеге асыру жұмысын қарады.
Кеңес мүшелері соңғы үш жылда Астана қаласындағы жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты талдады. Көрсетілген кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 203 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді. Олардың негізгі бөлігі парақорлық - 147, ұрлық - 47 және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланудың 9 фактісі тіркелді.
Кеңес төрағасының орынбасары Ғалым Байтоқ атап өткендей, жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында формализм орын алуда. Атап айтқанда, елорда әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия 2021 жылы 1 отырыс қана өткізсе, ал 2020 жылы бірде-бір жиын болмаған.
Елордадағы жергілікті атқарушы органдардың жүктелген міндетті орындау кезіндегі жауапкершілігі төмен екенін атап өту қажет. Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі істердің жай-күйін зерделеу барысында Кеңестің жұмыс тобы сұратқан ақпаратты Алматы ауданының әкімдігі және құрылыс басқармасы мүлдем бермеген. Сондай-ақ, елорданың аудандық әкімдіктерінің ресми сайтын зерделеу кезінде олардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етпегені анықталды", - деді Ғалым Байтоқ.
Кеңес төрағасының орынбасары жұртшылықтың шағымын тудырып отырған елордадағы құрылыс мәселелеріне жеке тоқталды.
Елордада бей-берекет құрылыс жалғасуда. Мысалы, Astana Mall СОО маңына 15-тен астам тұрғын үй кешені салынды және бірде-бір мектеп жоқ. Бұл әкімдіктің әлеуметтік нысандарды: балабақшаларды, мектептерді, емханаларды салу процесін мүлдем қадағаламай, үйлер салуға рұқсат беретіндігін айғақтайды. Бұл процесс мүлдем реттелмеген, қажет жерге мектеп салынбаған", - деп атап өтті ол.
Айта кету керек, партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында екі жыл ішінде Астанада 19 мектеп, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 21 медицина нысаны, 400 мың шаршы метрден астам коммерциялық үй-жай салынды. Тек 2022 жылы 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Еске сала кетейік, кеше елорданы дамытуға арналған отырыста Президент Тоқаев Астананы абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы қалалық ортаны дамыту тұжырымдамасын қайта қарауды, паркингсіз үйлер салуды, әлемнің үздік архитектуралық шешімдері есебінен елорданың эстетикалық келбетін сақтауды, сондай-ақ қаланы көгалдандыруды және стихиялық қоқыс орындарды жоюды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
30.01.2023, 15:54Иранда зардап шеккендердің арасында ҚР азаматтары жоқ - СІМ 30.01.2023, 10:25 51571Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы жылу энергиясы үшін төлемді қайта есептеуді қайта қарауды тапсырды02.02.2023, 09:50 51261ҚХР-дан жүктерді тиеу жөніндегі оператор қызметтердің бағасын монополиялық түрде көтерді01.02.2023, 14:22 48711AMANAT-та елорданың "бей-берекет" құрылысы бақылауға алынды02.02.2023, 10:27 48621Ауыл шаруашылығы министрлігі пияз тиеген ауыр жүк көліктерінің шекарада кешігуіне қатысты түсініктеме берді
26.01.2023, 13:29 65861Теміртауда ЖЭО-2-де қазандық қондырғылары жөндеу жұмыстарына тоқтатылды12.01.2023, 13:34 65436Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады26.01.2023, 11:42 65076Алматының Әуезов ауданындағы су құбыры және кәріз желілерінің тозуы 80%-дан асады12.01.2023, 12:02 65046Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды12.01.2023, 12:49 64271ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды