16.01.2023, 15:19 22731
Тоқаев "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитінде сөз сөйлейді
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Абу Даби саммиті - азық-түлік пен су ресурсы қауіпсіздігі, энергияға қолжетімділік, өнеркәсіпті көміртегінен арылту, денсаулық сақтау және климаттағы өзгерістерге бейімделу сияқты ауқымды әрі өте маңызды мәселелерге арналған биылғы алғашқы халықаралық форум
Абу Даби. 16 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында "Абу Даби тұрақты даму апталығы" атты саммиттің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жиынның мақсаты - жаһандық қоғамдастықты біріктіретін және түрлі мәселелерде, жаңашыл серіктестік қатынастар мен инновациялық шешімдерде келісімге қол жеткізу үшін конструктивті диалогқа жол ашатын орнықты даму саласының күн тәртібін қалыптастыру және COP28 конференциясына тың серпін беру", - деп хабарлайды Ақорда.
Саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар жиынға Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Ангола Президенті Жуан Лоренсу, Мысыр Сыртқы істер министрі, БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы 27-ші сессиясының (СОР27) президенті Самих Шукри, сондай-ақ саясаткерлер, жаңартылатын энергия, технологиялық даму және инновация салаларының жетекшілері, инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты.
ADSW 2023 - орнықты даму үдерісіне халықаралық күш-жігерді қолдауға бағытталған БАӘ жаһандық бастамасы.
Абу Даби саммиті - азық-түлік пен су ресурсы қауіпсіздігі, энергияға қолжетімділік, өнеркәсіпті көміртегінен арылту, денсаулық сақтау және климаттағы өзгерістерге бейімделу сияқты ауқымды әрі өте маңызды мәселелерге арналған биылғы алғашқы халықаралық форум.
ADSW 2023 алаңында алғаш рет Жасыл сутегі саммиті өткізіледі. Онда экономиканың негізгі секторларын көміртегінен арылту ісінде саммиттің әлеуеті айқындалады.
"Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитінің аясында Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлықты Global High Schools номинациясы бойынша (Америка аймағы) колумбиялық Fundacion Bios Terrae - ICAM Ubate мектебіне табыс етті.
Zayed Sustainability Prize - тұрақты даму саласындағы орасан зор жетістігі үшін берілетін Біріккен Араб Әмірліктерінің жаһандық сыйлығы.
Бұл марапат БАӘ Тұңғыш Президенті марқұм шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның гуманитарлық мұрасына құрмет белгісі ретінде 2008 жылы өткен "Болашақтың энергиясы" әлемдік саммитінде тағайындалды. Аталған сыйлық денсаулық сақтау, азық-түлік, энергетика, суды үнемді пайдалану секілді санаттар бойынша тұрақты даму саласындағы тиімді және инновациялық шешімдері үшін коммерциялық емес ұйымдарға, шағын және орта кәсіпорындарға және орта мектептерге беріледі", - делінген ақпаратта.
2009 жылдан бері әлем бойынша 96 адам осы сыйлықтың иегері атанды. Zayed Sustainability Prize сыйлығының жүлдесі - 3 миллион АҚШ доллары.
Биыл сыйлыққа 152 елден 4 538 өтінім түсіп, оның үздік 30 жобасы финалға өткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.04.2024, 17:25 19871
"Бәйтерек" көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады
Достарға айту
Бәйтерек" ҰБХ" АҚ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін 300 млрд теңге сомасына жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметінен.
Алғаш рет "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ осы бағдарлама шеңберінде кепілмен қамтамасыз ету бойынша шектеулерге тап болған фермерлер үшін кредиттің 85% сомаға кепілдіктер береді. Мұндай кепілдіктерді ұсыну азық-түлік қауіпсіздігін едәуір нығайтады және ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені "Бәйтерек" холдингінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі ағымдағы жылы 440 млрд теңгеге жетеді. Бұл бағытта холдинг агроөнеркәсіптік кешенді қолдау үшін нарықтық ресурстарды барынша пайдалана отырып, нарық пен екінші деңгейдегі банктердің қаражатын айналымға белсенді түрде тартады.
Бағдарлама "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын бір жылға дейінгі мерзімге соңғы қарыз алушы үшін жылдық 5% шарттарымен қаржыландыруды көздейді. Бұл биылғы су тасқыны мен былтырғы құрғақшылық салдарынан қаржылық қиындықтарға тап болған фермерлерді қолдауға бағытталған.
Холдинг агроөнеркәсіптік кешенді белсенді қолдайды және осы саланы қаржыландыру көлемін тұрақты негізде ұлғайтатын болады. Мемлекет басшысының экономикалық өсу қарқынын 6%-ға дейін ұлғайту және ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2024 жылы АӨК субъектілері үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінген. Алайда, бұл сома фермерлердің айналым қаражаттарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болды. Осыған байланысты біз нарықтық қарыз қаражатын қосымша тарту туралы шешім қабылдадық", - деп атап өтті "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин.
Бағдарламаны іске асыру Холдингтің еншілес құрылымдары арқылы кешенді жүзеге асырылады, бұл ресурстарды агроөнеркәсіптік сектордың негізгі аймақтарына тікелей және тиімді бағыттауға кепілдік береді. Жаңа бағдарлама 2024 жылдың 29 сәуірінен бастап жұмыс істей бастайды.
Кеңес алуға және несиеге өтінім беру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет. Қосымша ақпарат сенім телефонының 8 701 006 18 18 немесе Call center: 5353 нөмірі бойынша қол жетімді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 17:09 20596
Алматыдағы рекреациялық аймаққа 230 гектарға жуық жер қайтарылды
Достарға айту
Антикор Қоғамдық кеңесінің отырысында Алматы қаласының тау бөктеріндегі құрылыстың проблемалық мәселелері қаралды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Іс-шараға Агенттіктің Төрағасы Асхат Жұмағали, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, су ресурстары, экология, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылық құрамы және т.б. қатысты.
Іс-шараның модераторы Парламент Мәжілісінің депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Башимов болды.
Күн тәртібінде Агенттіктің 2023 жылы әкімдікпен бірлесіп өткізген Алматы қаласының тау бөктеріндегі құрылыс саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды іске асыру мәселесі қаралды.
Агенттік Төрағасы кіріспе сөзінде талдау қорытындысы бойынша анықталған негізгі жемқорлық тәуекелдері туралы айтып, олардың орындалуы ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Алматы қаласын дамытуға, оңтүстік астананың жайлы қалалық ортасын құруға ерекше көңіл бөледі. Ел Президенті қаланың нүктелік құрылыс тәжірибесін жою қажеттігін бірнеше рет атап өтті, ал құрылыс кезінде оның тұрғындарының мүдделерін міндетті түрде ескеру қажет", - деп атап өтті Антикор басшысы.
Осыған байланысты, отырыс барысында жауапты орындаушылар тарапынан ұсыныстарды орындаудың сапасы мен уақыттылығына, формализмді жоюға ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында баяндамашылар жүргізілген жұмыстың нәтижелерін айтты.
Мәселен, Алматы қаласының жаңа Бас жоспары әзірленіп, бекітілді, онда табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған аумақтар ескерілді.
Тұрғын аймақтан 229 га жер рекреациялық аймаққа қайтарылды, сібір жарасы бар жер учаскесі мемлекеттік меншікке берілді, барлық су объектілеріне түгендеу жүргізілді.
Тау бөктерінде анықталған 54 заңсыз объект бойынша мемлекет пайдасына 36 сот актісі шешілді, оның 30-ы заңды күшіне енді, 2 заңсыз объект бұзылды, тағы 3-і бұзуды күтуде.
Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінде бірқатар заң жобалары қаралуда, онда Агенттіктің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жауапкершілігін күшейту, ТЖМ-ге қала құрылысы жобаларын келісу, жекелеген құрылыс ұғымдарын регламенттеу және т.б. өкілеттіктер беру жөніндегі ұсынымдары ескерілген.
Қорытындылай келе, Агенттік Төрағасы қаралған мәселенің маңыздылығын атап өтіп, бірінші кезекте мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігіне баса назар аудару қажеттігін айтты.
Бұл алаң кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі талқыланып отырған мәселе қала жұртшылығы үнемі назарында және әрбір тұрғын бұл үшін алаңдайды, бұл халықты осы бағыттағы мемлекет жүргізіп жатқан жұмыс туралы хабардар етуді талап етеді", - деп атап өтті Антикор басшысы.
Іс-шара соңында жауапты орындаушыларға жоспарланған іс-шараларды қысқа мерзімде аяқтау үшін толық шаралар қабылдау бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 13:36 25996
Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды
Достарға айту
Қазақстанда ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасуда. Үкімет аталған жұмысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша атқарып жатыр, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облысының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 21 658 өтінім қабылданды.
Биылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша 12 642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,5 млрд-тан астам теңге көлемінде біржолғы төлем алды. Шығын болған мал басы үшін берілетін төлем көлемі 211,5 млн теңгеге жетті.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3871 тұрғын үй тексеріліп, 2230 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.
468 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 645 млн-нан астам теңге қаражат бөлінді.
Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасыға қираған баспаналарының орнына үйлер мен пәтерлер берілді.
Шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 18:14 56351
Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді тағайындады
Достарға айту
Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", деп көрсетілдген Өкімнің мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 12:37 65121
Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты ХХХІІІ сессиясының отырысында сөйлеген сөзінде су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Қазақта "Алпыс күн тасыған дария, алты күнде қайтады" деген сөз бар. Көп ұзамай қарғын су кетіп, жұрт күнделікті өмірге оралады. "Әр қиындықтың қайыры бар" дейді халқымыз.
Біріншіден, тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті. Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл Қазақстан халқы көмектесуге ұмтылды. Апат аймағында тұратын адамдар барша отандасымыздың шынайы жанашырлығын сезінді.
Екіншіден, елдің жағдайын жақсарту үшін ешкім қиындықтың келуін күтіп отырмайтыны анық. Дегенмен, мұндай апаттар біраз шаруаны шұғыл қолға алуға себепкер болады.
Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар тың жерге қоныстанып, жаңадан бой көтереді. Жол салынады, су тартылады. Ауылдарымыз мүлде жаңа келбетке ие болады. Жалпы, әлемдегі үлкен дағдарыстардың қарқынды дамуға жол ашатыны белгілі", деді президент.
Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады. Бәрі де жақсы болады.
Бәріміз - бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз - бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз - бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз - Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз - айқын, бұл - Әділетті Қазақстанды құру.
Мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауды Президент ретіндегі ең басты міндетім деп санаймын. Осы қастерлі міндет Әділетті Қазақстанды құру және белсенді әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізу арқылы ғана орындалады. Биік мақсатқа жету үшін түрлі кедергіден өтеміз, барлық қиындықты жеңеміз. Ауқымды міндеттерді орындаймыз. Біз еліміздің басты құндылықтары мен бағыт-бағдарынан айнымаймыз. Мемлекеттілігімізді нығайтып, тәуелсіздік туын әрдайым биік ұстаймыз. Мен бұған нық сенемін және сол үшін бәрін жасаймын. Бұл - менің президенттік әрі перзенттік парызым.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", деп түйіндеді өз сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 18:17 92491
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтты.
Мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттері толық әрі уақтылы орындалуда. Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер бекітілген мерзімнен бұрын берілуде. Мұндай режим биылғы 1 қыркүйекке дейін сақталатын болады. Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мен бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алып жүргендер үшін қайта тағайындау мерзімдері 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Вице-премьер тасқыннан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу туралы да айтты. Су тасқыны салдарынан үйлері немесе саяжайлары (жалғыз тұрғын үйі) қалпына келтіру мүмкін болмай қалған азаматтар үшін мәселені шешудің екі жолы ұсынылған:
- жаңа үй салу;
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен шекті сома аясында азаматтардың таңдауына сай екінші нарықтан дайын баспана сатып алу.
Тасқын судан зардап шеккендердің барлығына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Бүгінде ол 11 мыңнан аса отбасыға төленген. Үкімет азаматтарға бүлінген үй заттарын алу үшін қосымша 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде көмек көрсету туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Айта кетейік, бұл қосымша көмек бүлінген үй заттарын (тоңазытқыш, ас үй плитасы, үстел, орындық, кереует, кір жуғыш машина, теледидар немесе радио, сумен жабдықтау және жылыту құралдары) сатып алуды қаржыландыру немесе шұғыл қажеттілігі бар тауарларды ұсыну түрінде көрсетіледі.
Одан бөлек, өтелмеген несиесі бар азаматтарға банктер мен микроқаржы ұйымдары 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі аралықта берешекті өтеу мерзімін ұзартуды қарастыруда. Аталған кезеңде зардап шеккендерге айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді. Мұндай шара жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдеріне де ұсынылады. Аймақ әкімдіктері 5 мыңнан аса азаматтың және 110-нан аса бизнес субъектілерінің тізімін жасаған.
Сонымен қатар эвакуациялық орталықтарда болған 4 мыңнан аса бала сауықтыру лагерлеріне, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлерінің интернаттарына орналастырылды. Онда тұруға, тамақтануға және оқуға қажетті жағдай жасалған. Олар мұнда үйлері қалпына келтіріліп, мектептерінде оқу процессі қайта жалғасқанға дейін болады.
Бүгінде 500-ден аса бала әлі де эвакуациялық орталықтарда қалып отыр. Олар да білім беру үрдісімен қамтылған. Олардың ата-аналары тасқын судың кетіп, үйлеріне оралғанын немесе баспаналарын қалпына келтіру үшін бағалау жүргізілуін күтіп жүргенін түсінемін. Бұл санаттағы балалардың ата-аналарына бізде балаларды орналастыруға қарастырылған тағы 4 мыңнан аса орын бар екенін айтқым келеді. Егер келісімін берсе, оларды сол жерлерге орналастыруға дайынбыз. Оқу маусымы аяқталған соң ата-аналардың келісімімен балаларға өзі тұрып жатқан аймақта, не басқа өңірлерде орналасқан жазғы демалыс лагерлеріне баруына мүмкіндік беріледі. Бұл мәселемен Оқу-ағарту, жоғары білім, туризм және спорт министрлері тікелей айналысуда", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Вице-премьер сондай-ақ зардап шеккен 6 аймақтағы түлектер үшін ұлттық бірыңғай тест бөлек кестемен өткізілетінін жеткізді. Талапкерлер төмен балл алған жағдайда биылғы жағдайға байланысты қаңтар мен наурыз айларындағы ҰБТ-дағы үздік нәтиже ескерілетін болады. Одан бөлек, қазір қосымша нысаналы гранттар бөлу жағы қарастырылып жатыр.
Вице-премьер барлық медициналық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын да атап өтті. Қазірде қажетті дәрі-дәрмек қоры әзірленген. Эпидемиологиялық бригадалар құрылып, жапа шеккен аймақтардағы ауыз су сапасы мен ерекше қорғалатын аумақтар тұрақты бақылауға алынған. Бүгінде эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағалануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 18:12 92496
Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
Достарға айту
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Олжас Бектенов облыс орталығындағы тұрғын үй алаптары бекіністерін тексеру барысында Атырау қаласының су тасқынының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты. Батыс өңірде Ресей Федерациясының Ириклин су қоймасынан судың келуіне байланысты, сондай-ақ Жайық өзеніне құйылар сағадағы ірі тасқын мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр.
Бұрын хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысындағы ірі су тасқынынан кейін ағын су өзен арнасымен Атырау облысына қарай жылжып, Каспий теңізіне құяды. Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырау қаласында су деңгейінің 6 см-ге көтерілуі тіркелді (су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см-ді құрады).
Тұрғын үй алаптарын нығайту, сондай-ақ Жайықтың өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстарының қарқыны тексерілді. Тиісті күштердің көлемді судың келуіне дайындық деңгейін қарап көрді.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысына су тасқыны жағдайы тұрақтанған өңірлерден әскери қызметшілер мен техниканы жедел жеткізіп, күштерді арттыруды тапсырды.
Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу шараларының 92%-ы орындалды. Жұмысты тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген. Ұзындығы 482 км қорғаныс бөгеттері салынды, аяқталған учаскелер техникалық қадағалау арқылы тексерілді. Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұланның 6 мыңға жуық әскери қызметшісі, әкімдік қызметкерлері, 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Еріктілер тарапынан белсенді көмек көрсетілуде. Өткен сенбіде жағалауды нығайту сенбілігі аясында қаланы қорғау жұмыстарына 9 мыңға жуық ерікті қатысты.
Сонымен қатар Жайық өзенінен Каспий теңізіне су өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Су жолдарын тазарту, тереңдету және кеңейту мақсатында арнайы техникалық флоттық кемелер, гидравликалық экскаваторлар қолданылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 18:04 92761
Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.
Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады.
Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
26.04.2024, 13:36Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды 26.04.2024, 17:09 19921Алматыдағы рекреациялық аймаққа 230 гектарға жуық жер қайтарылды26.04.2024, 17:25 19196"Бәйтерек" көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды рекордтық 300 млрд теңгеге арттырады26.04.2024, 13:42 15411Алматыда жаңа жағалау салынуда26.04.2024, 17:23 11836Алматыда 27 сәуірде жаппай алма ағаштары отырғызылады
24.04.2024, 18:04 92101Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады24.04.2024, 18:12 91836Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:17 91831Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 10:36 84801Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады24.04.2024, 10:30 80651Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА
04.04.2024, 16:35 121746Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121446Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107931"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 106316Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103886Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді