Тоқаев Қатар елімен арадағы қылмысқа қарсы күрес туралы келісімді ратификациялады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қылмысқа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастыққа және адамдарды мемлекетаралық іздестіруге қатысты екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Ал, мемлкет басшысы қол қойған екінші заңмен 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификацияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
