Тоқаев Қазақстан Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштеріне жаңа қолбасшы тағайындады
Сурет: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы 2022 жылдың 19 қаңтарында президенттің жарлығымен құрылған болатын.
2024 жылдың қаңтарынан бастап Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметін Айдос Мырзахметов атқарды. Ол 2026 жылдың 27 қыркүйегінде президенттің жарлығымен Қазақстанның қорғаныс министрі болып тағайындалған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
