15.01.2021, 16:05 11127

Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 2021 жылғы 15 қаңтардағы №491 Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын", - делінген құжатта.

 
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі сайлауы өтті. 12 қаңтарда ОСК парламенттік сайлаудың қорытындыларын жариялады. 7 пайыздық кедергіні үш саяси партия: Қазақстанның Халық партиясы, Nur Otan партиясы және Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы еңсерді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны