17.08.2026, 16:37 15901

Тоқаев Қазақстанның алдағы үш жылға арналған бюджетінің басымдықтарын айқындады

Тоқаев Қазақстанның алдағы үш жылға арналған бюджетінің басымдықтарын айқындады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі кеңесте 2027-2029 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке экономиканың қазіргі ахуалы туралы баяндалып, 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, 2027-2029 жылғы республикалық бюджет параметрлері жөнінде мәлімет берілді.

Тоқаев биыл экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Президент алдағы үш жылдағы негізгі бюджеттік басымдықтардың бірі ретінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озыңқы қарқынмен салуды атады. Олардың қатарында ауруханалар, балаларды оңалту орталықтары, мәдениет және спорт нысандары бар.

Бұған дейін 2025 жылы республикалық бюджетке 730 млрд теңге көлемінде салық түсімі түспей қалғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны