11.09.2026, 10:09 15416 / 2891

Тоқаев БРИКС және "Орталық Азия - Корея Республикасы" саммиттеріне қатысады

Тоқаев БРИКС және "Орталық Азия - Корея Республикасы" саммиттеріне қатысады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12-16 қыркүйек аралығында Үндістан мен Корея Республикасына барадs, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады.

Тоқаев Нью-Делиде "Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту" тақырыбына арналған "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді.

Сондай-ақ, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.

14-16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі.

16 қыркүйекте Мемлекет басшысы "Орталық Азия - Корея Республикасы" бірінші саммитіне қатысады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны