26.01.2021, 20:03 9086

Тоқаев COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинамен егуді көздейді

Нұр-Сұлтан. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинацияны бастауға сапалы дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Дағдарысты еңсерудің ең тиімді және жүйелі шарасы-жаппай вакцинация. Оны сапалы жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасау маңызды. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, толыққанды дайындықты қамтамасыз етуді және 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинациялауға кірісуді тапсырамын", - деп келтіреді Ақорданың баспасөз қызметі Тоқаевтың сөзін Twitter-де. 

 
Естеріңізге сала кетейік, жаппай вакцинация ресейлік "Спутник V" препаратын қолдану арқылы басталады. Бұл ретте ҚР-да өз вакцинасы әзірленіп, сәтті сынақтан өтуде.
 

Отандық вакцинаны тестілеудің оң нәтижесіне үміттенеміз. Бұл жағдайда мен дәл қазақстандық вакцинамен егілемін", - деді Президент.

 
Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы кезінде денсаулық сақтау жүйесі қатаң сынақтан өтіп, саланың барлық жүйелі проблемалары атап көрсетілгенін айтты. 
 

Сонымен қатар, басқа медициналық қызметтер зардап шекті, бұл халықтың денсаулығына бірден әсер етті. Өткен жылы біз 156 анадан айырылдық - өлім-жітімнің 2,8 есе өсуі. Бұл статистиканың құрғақ сандары ғана емес, бұл 156 отбасы үшін орны толмас шығын. Үкіметке өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, кәсіби қоғамдастықты тарта отырып, барлық денсаулық сақтау ұйымдарына түгендеу жүргізуді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

 
Сондай-ақ, ол заң бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына тегін берілетін дәрі-дәрмектер мен құралдардың болмау фактілеріне назар аударуға шақырды.
 

Көбінесе медициналық мекемелерде олар жоқ деп айтады, сондықтан адамдарға, оның ішінде аз қамтылған топтарға оларды өз есебінен сатып алуға тура келеді", - деді Президент.

 
Осыған байланысты ол үкіметке "Атамекен" Ұлттық палатасымен бірлесіп, эпидемияға қарсы шараларға теңдестірілген тәсілді қамтамасыз ету мақсатында иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу мәселесін бір ай мерзімде пысықтауды тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны