14.07.2022, 15:31 11451

Тоқаев Үкіметтің бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысын сынға алды

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент көтерме-тарату орталықтары желілерін іске қосу жұмыстары ұзаққа созылып кеткенін сынады.
Тоқаев Үкіметтің бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысын сынға алды
НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетінің Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосуды жүзеге асыру жөніндегі жұмысын сынға алды.
 
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерме-тарату орталықтары желілерін іске қосу жұмыстары ұзаққа созылып кеткенін сынады.
 
Мемлекет басшысы екі жылдан астам уақыт бұрын көтерме-тарату орталықтары желілерін қамти отырып, Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосуға тапсырма бергенін еске салды. 
 

Алайда Үкімет оны орындау қадамдарын ұзаққа созып жіберді. Жоспарлар мен жария мәлімдемелер қағаз жүзінде қалды. Ірі кәсіпкерлермен бірлесе мемлекеттік-жекешелік серіктестік схемасы бойынша көтерме-тарату орталықтарының құрылыс жобалары жүзеге асырылмай қалды", - деді Президент. 

 
Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Тоқаев осы салада атқарылған жұмыстар бойынша қазан айында Үкімет баяндауы тиіс екенін атап өтті. 
 
Осы орайда Президент бұл салаға қызығушылық танытқан инвесторларды тартуды тапсырды. 
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болғанын айтты.
 
Ақпарат көзі: ktk.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны