Тоқаев Маминмен экономикалық өсімді қалпына келтіру шараларын талқылады
Нұр-Сұлтан. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - Премьер-министр Асқар Маминмен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы баяндалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуалдың бақылауда екенін жеткізді.
Премьер-Министр Президентке коронавиурсқа қарсы вакциналар жөнінде мәлімет берді. Қазіргі уақытта отандық QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтың ІІІ сатысынан өткізіліп жатыр. Оның алдын ала тиімділігі 96 пайызды құрайды. "Спутник V" вакцинасының сапасы аттестациядан өткізілуде. Сондай-ақ GMP стандарты бойынша вакцина шығаратын биофарм зауытының құрылысы жүргізілуде.
Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында айтты. Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер қаралмақ.
Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды.
Мемлекет басшысына тұрғын үй құрылысының даму қарқыны туралы мәлімет берілді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 16,8 пайызға артып, 15,3 миллион шаршы метрге жеткен. Қолжетімді баспана құрылысының көлемін ұлғайту, тұрғын үй құрылысы мен жалға берілетін тұрғын үй нарығына жеке инвестицияларды тарту мәселелеріне баса мән берілген.
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылы бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсірген. Атап айтқанда 609 мың педагогтың жалақысы 25 пайызға, 215 мың медицина қызметкерінің еңбекақысы 30 пайызға дейін, мәдениет, архив және өнер саласындағы 34 мың қызметкер мен әлеуметтік қорғау саласындағы 25 мың қызметкердің жалақысы 50 пайызға дейін көбейген.
Президент биыл да бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын, оның ішінде, 785 мың педагогтың жалақысын 25 пайызға, 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын 30 пайызға, әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік-медициналық мекемелердің 38 мың қызметкерінің жалақысын 45 пайызға дейін арттыру жұмысын жалғастыру аса маңызды міндет деп есептейді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Үкіметке Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа биылғы төрағалық қызметінің жоғары деңгейде атқарылуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Бұл көпжақты еуразиялық интеграцияның дамуына тың серпін береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес
Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес, деп хабарайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Абай және Қостанай облыстарында болған ірі табиғи өрттердің салдары әлі де есімізде. Әрбір қызметкерді өртке қарсы арнайы киіммен, рациялармен және қажетті құрал-жабдықтармен міндетті түрде қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді", - деді Қанат Бозымбаев.
Облыс әкімдері өңірлік іс-шаралар жоспарларын іске асыруға тікелей жауапты", - деді Қанат Бозымбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 18 651 адам өз үйлеріне оралды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді жеделдету тапсырылды
Президент су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығына барынша көмек көрсетуді басты міндет етіп қойды. Су тартылған өңірлерде әкімдіктер зардап шеккен азаматтардың, жоғалған немесе бүлінген мүліктердің тізімін жасау және бағалау жұмыстарын аяқтап, шығындарды өтеуге кірісуі керек. Бұл ретте, тізімге үйлері сау, ешқандай зардап шекпеген адамдар кіріп кетпеуге тиіс. Комиссиялардың жұмысын ешқандай бюрократияға салмай, жедел ұйымдастыру қажет. Барлық тиісті қызметтер жұмылып, күшейтілген режимде жұмыс істесін", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлттық Ғылым академиясының құқықтық мәртебесі Қазақстанда заң жүзінде бекітіледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған цифрлық құралдар әзірленді
Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанды IT-елге айналдыру үшін стратегиялық маңызды міндет қойды. Дұрыс басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы жедел ақпаратқа қол жеткізіп, жаңа технологияларды қолдану керек. Ұсынылып отырған тәсілдерді экономиканың басқа салалары бойынша кеңейту қажет. Барлық құралдар мен мәліметтер қолжетімді. Деректер алмасуды және жүйелерді интеграциялауды дұрыс жолға қою керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
19.04.2024, 11:11Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді 19.04.2024, 10:43 2111Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды19.04.2024, 11:03 1781Алматыда "Алматы-1" базарын жаңғырту қолға алынған19.04.2024, 10:39 981Су тасқыны салдарынан эвакуацияланғандар саны 118 мыңнан асты19.04.2024, 10:51 801Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік "Алматы Су" мекемесінің бас директорының орынбасарын ұстады
12.04.2024, 13:37 86236Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі12.04.2024, 16:41 85281Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді12.04.2024, 15:45 84496Әскери билеттер цифрлық форматқа ауыстырылды17.04.2024, 15:25 50441Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған цифрлық құралдар әзірленді17.04.2024, 15:31 50246Ұлттық Ғылым академиясының құқықтық мәртебесі Қазақстанда заң жүзінде бекітіледі
20.03.2024, 21:43 133236Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді04.04.2024, 16:35 120671Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды20.03.2024, 12:12 120666ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты04.04.2024, 16:30 120456Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады20.03.2024, 12:19 120216Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді