Тоқаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісін тағайындады
Бұл лауазымға Ринат Мұхаметқали тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ринат Мұхаметқали Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Ринат Мұхаметқали ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
Қызмет атқарған жылдары Мұхаметқали Әділет министрлігінде, Президент Әкімшілігінде және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жұмыс істеген.Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымында да қызмет атқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

