27.09.2022, 14:13 12616

Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.
Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.
 

Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.

 
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Ижевск қаласындағы мектепте атыс кезінде құрбан болғандар саны 17-ге жетті, оның 11-і бала мен алтауы ересек.
 
Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйек күні таңертең Ижевск қаласындағы №88 мектепке оның бұрынғы оқушысы, 1988 жылы туған ер адам кірген болатын. Ол оқ жаудырып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оқу-ағарту министрі Сергей Кравцовтың айтуынша, қылмыскер психиатриялық бақылауда болған және шизофрениямен ауырған. Мемлекеттік Думаның ақпараттық саясат жөніндегі комитетінің басшысы Александр Хинштейн қылмыскердің соғыс патрондарына айналдырылған екі травматикалық тапаншамен қаруланғанын айтты. 
 
Удмуртияда төрт күндік аза тұту жарияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны