16.06.2022, 16:58 55216

Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды

Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Алғашқы Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне өзгеріс енгізген жөн деп есептейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мәселен, Тәуелсіздік мейрамының мәнін өзгертпестен, кейінгі жылдары атаусыз қалған Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.
 

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, Тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", – деді Президент.

 
Президент өткен жылы Қазақстанның жаңа тарихын академиялық форматта жазуды тапсырғанын атап өтті. Қазір Қазақстан тарихының көп томдығы әзірленуде.
 

Біздің танымал ғалымдарымыз осы маңызды мәселе бойынша жұмыс істеуде. Мен бұл жұмысқа өз үлесімді қосамын. Оны келесі жылдың ортасына қарай аяқтау керек. Алайда, мәселе мерзімде емес, сапада. Біздің тарихымыз жүйелі, шынайы, ал ең бастысы - тәуелсіз ел тұрғысынан жазылуға тиіс. Білім және ғылым министрлігіне осыны бақылауға алуды тапсырамын. Қажет болған жағдайда шетелдік ғалымдарды да тартуға болады", - деп тапсырды Мемлекет басшысы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны