05.07.2021, 22:31 19343

Тоқаев Әселхан Қалыбекованың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Әселхан Қалыбекова - ақын, "Парасат" орденінің иегері.
НҰР-СҰЛТАН. 5 ШІЛДЕ - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
 

Қазақстанның халық ақыны,"Парасат" орденінің иегері Әселхан Әлішерқызының қайтыс болуына байланысты көңіл айтамын. Әселхан Әлішерқызы айтыстың көкжиегіндегі жұлдыз сияқты жарқырап тұрды. Ол халықтың сүйікті ақынына айналды. Ол өз өмірін қасиетті айтыс өнеріне арнады және халқымыздың рухани байлығын дамытуға зор үлес қосып, зор мұра қалдырды. Әселхан Қалыбекованың есімі халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенемін", - делінген ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-те жариялаған жеделхатында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны