Система Orphus

Тоқаев "Сурмалу" сауда орталығындағы қайғылы оқиғаға байланысты армян халқына көңіл айтты

17.08.2022, 15:32 15936
НҰР-СҰЛТАН. 17 ТАМЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сурмалу" сауда орталығындағы қайғылы оқиғаға байланысты бүкіл армян халқына көңіл айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы "Сурмалу" сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны