11.05.2022, 16:53 33566

Тоқаев түрік кәсіпкерлерінің ірі инвестициялық жобаларымен танысты

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев Мемлекет басшысына бірлескен жобалар туралы айтты.
Тоқаев түрік кәсіпкерлерінің ірі инвестициялық жобаларымен танысты
Сурет: ОКҚ
АНКАРА. 11 МАМЫР - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестициялық жобаларымен танысудан басталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Арнайы ұйымдастырылған көрмеде Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев Мемлекет басшысына бірлескен жобалар туралы айтты.
 
Президентке кальций қосылған сода өндіретін Yildirim Group, геологиялық барлау бойынша Eczacibasi Holding, медициналық және респираторлық бетперделер шығаратын MFA Maske, желатин өндіретін Iskefe Holding, агроөнеркәсіп тауарларын өндіруші Tiryaki Holding, құрылыс материалдарын, медициналық жабдықтар мен жиһаз өндіретін YDA Group, Алматы қаласындағы әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысын жүргізіп жатқан TAV Havalimanlari Holding, сауда орталығының құрылысын жүргізіп жатқан Kayaturk Group, агроөнеркәсіп өнімдерін өндіретін Koc Holding, фармацевтикалық өнімдерді өндіретін Atabay Kimya Sanayi Ve Ticaret AS, сэндвич панельдерді өндіретін Panelsan, қағаз өнімдерін өндіретін Isiklar, геологиялық барлау және агроөнімдерді өндіретін Calik Holding, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін Goknur Gida компанияларының жобалары таныстырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны