22.10.2021, 20:01 102839

Тоқаев Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады

НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚАЗАН - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша 24-25 қазанда Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Сапар барысында екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздерде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективалары қарастырылмақ. 
 
Сонымен қатар, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікірлер ортаға салынады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны