19.04.2021, 19:03 9057

Тоқаев Түрікменстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

НҰР-СҰЛТАН. 19 СӘУІР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны